Академиялық-инновациялық институт директоры


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 2232

Академиялық-инновациялық институт директоры

Қыстаубаев Ермахан Ибадуллаұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент










1971 жылы 16 наурызда ОҚО Сарыағаш ауданы Жібек жолы селосында дүниеге келген.

1978 жылы ОҚО Сарыағаш ауданы Фронтовое елді мекеніндегі №28 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1988 жылы сол мектепті бітірген. 1988 жылы 1 тамыздан қазіргі Өзбекстан Республикасы Ташкент облысындағы Средазсельхозмаш ғылыми-өндірістік бірлестікте қатардағы жұмысшы фрезеровщик болып еңбек жолын бастаған. 1989 жылы 9 маусымнан 1991 жылы 13 маусымға дейін КСРО Қарулы күштер қатарындағы әскери борышын өтеген. 5 тамыз 1991 жылы ОҚО Шымкент қаласындағы Қазақ химия технологиялық институтының силикаттар технологиясы фаультетіне түсіп, 1996 жылы 1 шілдеде Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін инженер-химик-технолог мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 1997 жылы 1 қаңтардан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент институтының аспирантура бөліміне қабылданып, оны 2000 жылы 1 қаңтарда аяқтаған. 1999 жылы 29 қазан күні «Металл – сорбент дисперттік жүйелердің коллоидты химиялық қасиеттері» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысын табысты қорғаған. 2000 жылы 1 ақпаннан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің Жалпы, бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасында лаборант, оқытушы, аға оқытушы және доцент, 2002-2003 және 2004-2005 оқу жылдарында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент директорының көмекшісі, 2005 жылдың 1-қыркүйегінен 2006 жылдың 23 қазанына дейін «Химия» кафедрасының меңгерушісі, 2006 жылдың 23 қазанынан күндізгі бөлім Жаратылыстану факультетінің деканы, 2007 жылы 24 қыркүйегінен директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарының кеңесші, 2008 жылдың 26 ақпанынан сырттай оқу факультетінің деканы, 2008 жылдың 13 маусымнан Академиялық инновациялық университет ректоры, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен оқу ісі жөніндегі проректоры, 2012 жылдан бері Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің Академиялық инновациялық институты директоры қызметін атқарған. 2010 жылдын 31 наурызынан университет профессоры қызметінде жұмыс жүргізуде. 2018 жылы 19 сәуірден бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры қызметін атқаруда. Жұмыс өтілі – 28 жыл. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 18 жыл.

Жалпы ғылыми еңбектерінің саны – 120. Оның ішінде 5 монография, бір Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуге алынған 24 электрондық оқулығы авторлық куәлігімен жарық көрген, 3 ғылыми мақаласы нөлдік емес импакт-факторлық басылымда, 10 ғылыми мақаласы шетелдік басылымдарда жарияланған және республикалық пәндік олимпиададан 2 студенті II дәрежелі диплом, 2 студенті студенттердің республикалық үздік ғылыми жұмыстар бойынша конкурсында II дәрежелі дипломмен марапатталған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы жарлығымен 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен, 2009 жылы ОҚО әкімінің алғыс хатымен, 2013 жыл ОҚО әкімінің алғыс хаттармен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және басқа да бірнеше алғыс хаттар мен мадақтамалармен марапатталған.

2014 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің «Үздік ғалым-2015» номинациясының иегері, Ресейдің Жаратылыстану академиясының ұлттық «Отандық ғылымының Алтын қоры» бағдарламасы бойынша «Европалық сапа» алтын медалімен (Gold medal «European Quality») (Хаттама 95/11.03.2015) марапатталған.

2018-2019 жылдар аралығында Халықаралықгуманитарлық-техникалықуниверситетініңректоры қызметінатқарған.

2019 жылдан бастап Аймақтықәлеуметтік-инновациялық университетінде Оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесші қызметін атқаруда.