Оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі проректор


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 2049


Мамаев Қайрат Серікбайұлы

Филология ғылымдарының кандидаты





Мамаев Қайрат Серікбайұлы 05.05.1967 жылы Шымкент облысы (қазіргі ОҚО), Ленин ауданы (қазіргі Қазығұрт), Қызылдала ауылында туған. Білімі жоғары.

1974-1982 жылдары Қызылдала сегізжылдық мектебінде, 1982-1984 жылдары Ленин ауданы Фогелево (қазіргі Рабат) ауылында орта мектебінде білім алған.

1984 жылы Шымкент педагогика институтына Физика-математика факуль­тетіне Математика-физика мамандығы бойынша 1-курсқа оқуға қабылданған.

1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында қызмет еткен, әскери шені - запастағы сержант.

1987-1991 жылдары Шымкент педагогика институтында оқуын жалғастырып, «Математика, информатика» мамандығы бойынша үздік бітірген.

1991-1992 жж. Шымкент педагогика институты «Алгебра, информатика және есептеуіш техника» кафедрасының бағдарламалаушысы, лаборатория меңгеру­шісі, оқытушысы, 1994-1997 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Жаратылыстану-гуманитарлық институтының 10.02.21-құрылымдық, қолданбалы және математикалық лингвистика мамандығы бойынша профессор Қ.Б.Бектаевтың жетекшілігінде күндізгі бөлім аспиранты, 1997-1998 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімі «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының оқытушысы, 1998 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушы­сы, 2002-2003 жылдары Есептеу орталығының меңгерушісі, 2004-2007 жылдары сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, 2007-2008 жылдары магистратура бөлімінің меңгерушісі, 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық универ­ситет­те Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2009 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Д14.09.04 диссертациялық кеңесінде 10.02.02 - Қазақ тілі мамандығы бойынша «Лексикалық бірліктерді лингвостатистикалық талдау (бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығы мен хрестоматиясы бойынша)» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын п.ғ.д., профессор Г.Ғ.Еркебаева­ның жетекшілігінде қорғаған.

2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институ­ты­ның Инновациялық технологияларды ендіру жән ақпараттық-сараптама орталы­ғы­ның бастығы қызметінде болған.

2006, 2007 жылдары ХҚТУ ШИ-інің, 2009-2011 жылдары АИУ-дың, 2012 жылы ОҚМПИ-дің қабылдау комиссияларының жауапты хатшысы қызметін қоса атқарған.

2013 жылдан бастап оқу Оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі проректор қызметінде.

Қ.Мамаевтың 42 – ғылыми және 15 – оқу-әдістемелік мақаласы, 10 – оқу құралы, 4 – оқу-әдістемелік құралы, және 1 – электрондық құралы, барлығы 72 еңбегі жарық көрген.

ҚР БҒ министрінің «Құрмет грамотасымен» (04.10.2012ж.), «Алғыс хатымен» (15.12.2017ж.), «Ы.Алтынсарин» (30.08.2017ж.),төсбелгісімен марапатталған.

Сапа менеджменті жүйесі бойынша Түркия республикасы Стандарт институтының, «Сапаконсалтинггрупп-НС», ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, БСҚА «Ұлттық сарапшысы» сертификаттарының иегері.

Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі – 28 жыл.

Жанұялы. 3 баланың әкесі.