Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер ғылыми-зерттеу институты


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 2369

Ермекбаев Мұхтар Әбенұлы

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры








Жалпы мәлімет

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер ғылыми-зерттеу институты Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің құрылымдық ғылыми-зерттеу бөлімшесі болып табылады. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде ғылыми-зерттеу институты 2019 жылы 27 тамызда Ғылыми кеңес шешімімен ашылды. Университет ректоры бұйрығымен ғылыми-зерттеу институты директоры қызметіне Ермекбаев Мұхтар Әбенұлы тағайындалды.

Ғылыми-зерттеу институты:

- Тіл тарихы және түркология

- Ғылымдағы заманауи математикалық әдістер мен зерттеулер

- Инновациялықтехнологиялар және перспективті бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу институтының негізгі қызмет ауқымы:

- қазіргі заманға лайықты мамандар даярлау үшін ғылымға магистранттар мен студенттерді тарту және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігінің өсуіне профессор-оқытушылар құрамының сапасын арттыруға жәрдемдесу;

- жобаларды әзірлеу және ғылыми зерттеулердің жоспарларын құру;

- ұйым орындаған зерттеулер мен әзірлемелердің қазіргі заманғы ғылыми техникалық деңгейде болуын қадағалау;

- жүргізілетін жұмыстардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының бекітілген техникалық тапсырмалар мен бағдарламалардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

- қажет болған жағдайда мемлекеттік тіркеуді жүргізу, жүргізілетін зерттеулер, уақтылығы және дұрыстығы бойынша тапсырыс берушіге ұсынатын есеп ғылыми-зерттеу іздестіру жұмыстарын қамтамасыз ету болып табылады.