УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫ

АӘИУ тарихы ҚР Білім министрінің 3 тамыз 2001 жылғы №643 бұйрығы бойынша АА №0000174 сериялы лицензиясымен Шымкент әлеуметтік – педагогикалық университеті және ҚР Білім және ғылым министрі берген АБ сериялы №0062184 лицензиясымен Академиялық инновациялық университеті болып бастау алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында: «Жоғары білім алу сапасы ең жоғарғы халықаралық талаптарға жауап бере алуы, еліміздің ЖОО әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің рейтингісіне енуге талпынып, 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйесі толық іске асырылуы керек. Ал, 2020 жылға қарай – ол елімізде енгізілген әзірлемелер, патенттер және дайын технологиялар ретінде өз нәтижелерін беруі керек» -деген еді.

Осыған орай, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, ЖОО-ның Болон үдерісі параметрлерін орындауы және Қазақстан ЖОО дипломдарының халықаралық дәрежеге қол жеткізуіне байланысты, жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды. Осы саясатты қолдау мақсатында, ЖОО дамуының жаңа бағыттары бойынша, перспективалары мен нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, Республикамыздың Оңтүстік өңіріндегі жекеменшік ЖОО өздерінің материалды, интеллектуалды және қаржы ресурстарын біріктіруге шешім қабылдады. «Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет» ЖМ қызметінің негізгі көрсеткіштері 1-қосымша келтірілген. Сонымен, 2012 жылдың 13 тамызында берілген ҚР БҒМ АБ сериялы №0142761 лицензиясы негізінде Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университеті Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті болып қайта құрылды (2a-қосымша).

АӘИУ-да бакалавриаттың 36 және магистратураның 21 мамандығы бойынша мамандар даярланады (2b-қосымша). Қазіргі таңда университетте жалпы құрамы 409 ПОҚ тұратын, оның ішінде, 15 кафедрада 386-штаттық бірлік ұсынылған. Олардың ішінде 25 ғылым докторы, 170 ғылым кандидаты, 1 доктор PhD, 12 ЖАК доценті мен профессоры, 17 мәдениет және өнер қайраткері, 108 магистрант пен 76 оқытушы бар. АӘИУ ПОҚ «ЖОО үздік оқытушысы» атағын алу үшін ҚР БҒМ өткізетін конкурсқа белсене қатысады. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері бойынша: 2013 ж. (2012 жылдың қорытындысы бойынша) – 3; 2014 ж. (2013 жылдың қорытындысы бойынша) – 1; 2015 ж. (2014 жылдың қорытындысы бойынша) – 1. Университет оқытушылары Астана, Алматы, Шымкент ЖОО біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау орталықтарында, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында, «Болашақ» бағдарламасы негізінде және шетелдік Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕСЕБІ 16 тағылымдамалар барысында өздерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар. Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары білім беру қызметімен тығыз байланысты. Жыл сайын ҒЗЖ орындауға, оның ішінде республикалық конкурстарға, пәндік олимпиадаларға т.б. тартылатын студенттер саны өсіп келеді. Университетте халықаралық қатынастарды кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіледі, көптеген отандық және шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарымен, әлем және ТМД білім беру мекемелерімен тікелей байланыс орнатылды. Еуропа мен Азиядағы 37 шетелдік, оның ішінде ТМД елдеріндегі ЖОО-лармен білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасалды.

Университетті ашу және оның іргесін қалау, алғашқы кездескен қиыншылықтарға қарамай аяғынан тұрғызу, оны бүгінгі күні Республикадағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеріп, қалыптастыру барысында орасан еңбек атқарған Аймақтық әлеуметтік-инновациялық  университеттің Президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қозыбақов Момбек Жамалбекұлы.   

Студенттердің сапалы да саналы білім алулары үшін барлық оқу жүйесі  бүгінгі заман талабына сай жаңа заманауи техникамен жабдықталған зертханалар мен дәрісханалар, спорт кешені, кітапхана, компьютер орталығы, ғылыми конференция, семинарларды өткізетін орын, асхана, медициналық бөлім және жатақхана қызмет етеді. Ал университеттің  арнайы жабдықталған компьютерлік дәрісханаларында барлық  компьютерлер толығымен интернет желісіне қосылған. Орыс және ағылшын тілдерін студенттерге жеке меңгеру мақсатында лингафондық кабинет жұмыс жасайды. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері ғаламтор арқылы жаңалықтармен, мәліметтермен танысып, оларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алады.

Ал университеттің іс-құжаттары Сапа менеджменті жүйесі бойынша халықаралық ИСО 9001: 2008 стандартына сәйкес жүргізіледі.

 

Бөлісу: