Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті-білім беру қызметін жоғары дәрежеде дамытып, жетілдіріп отыратын, білім беру саласындағы басқару мен бақылау әдістерін интеграциялық жолмен өткізетін, білім сапасы менеджментінің өзіндік жүйесі бар жоғары оқу орны.

Сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу бөлімі -университеттің сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуін және университетте  білім сапасының бағыттарын, білім беру қызметінің әдістері мен нысандарының халықаралық аккредиттеу талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім.Өз жұмысында университетінің Сапа бойынша саясаты мен университет мақсаттарын, сонымен бірге  ИСО9001:2008 халықаралық  стандарттарымен халықаралық аккредиттеу стандарттарын басшылыққа алады.

Университетте сапа менеджментінің ИСО 9001:2008 ХС талаптарына сай сертификатталған жүйесі енгізілген.UKS (Түркия, Стамбул) куәландыру орталығының 27.02.2017 жылғы №К-2681 сертификаты бойынша TS EN ISO 9001:2008 шарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін көрсетуге қатысты білім бағыты,құқықтану, өнер, әлеуметтік, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша  берілген.

2017 жылдың  15 мамыры күні Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі тарапынан университетке институцио­налдық аккредиттеуден 5 жылдық мерзімге өткендігін растайтын куәлігі берілді.

Бөлімнің  міндеттері мен қызметтері:

-        университеттің білім беру қызметтерінің, үдерістерінің және басқару жүйесінің институционалдық аккредиттеу талаптарына сәйкестігінің ұдайы қамтамасыз етілуін қадағалау;

-        мамандықтарды мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;

-        университеттің сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне және тұрақты жақсаруына ықпал ету;

-        университеттің іс-қызметін жақсарту бойынша жылдық мақсаттар мен жоспарларды дайындау және жүзеге асыру;

-        жоспарға сәйкес ішкі аудиттерді ұйымдастыру;

-        ішкі және сыртқы аудит қорытындылары бойынша бөлімшелердің түзетуші және алдын-алу әрекеттерін уақтылы енгізуді ықпал ету.

Сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу бөлімі сапа менеджменті жүйесіне қажетті құжаттарды әзірлеу мен жетілдіру, сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін сараптауға материалдар жинау мәселелерімен айналысады.

Сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу бөлімінің құрамы:

1.     Шахабаев Е.-бөлімнің меңгерушісі, т.ғ.к., доцент.

2.     Касимбекова Б.А-бөлім меңгерушісінің орынбасары.

3.      Ториева А.Ш.-бас маман.

 Құжатталған процедуралар

Сапа саласындағы мақсаты

 

 

Сапа саласындағы саясат

 

Сертификаттар

 

 

 

СМЖ формалары

 
 
Бөлісу: