АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

1

Боранбаев Сандыбай Режепұлы

Университет ректоры, ф.ғ.д., профессор

2

Мамаев Кайрат Серикбаевич   

Оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі проректор, п.ғ.к.

3

Досжан Райхан Абдуғалиқызы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары және халықаралық байланыстар  жөніндегі проректор, ф.ғ.д.,  профессор

4

Елікбаев Бауыржан Көшкінбайұлы

Оқу –әдістемелік және қашықтықтан оқыту істері жөніндегі проректоры , ф.ғ.д.

5

Асабаев Жанибек Айтбаевич

Құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы

6

Алимбаев Медеу Еркинович

Тәрбие және әлеуметтік  істер жөніндегі проректор, ф.ғ.к.

7

Жантелі Хасен Асқарұлы

Қашықтықтан білім беру орталығының администраторы

8

Нышаналиева Гулжан Турехановна

Бас есепші

9

Джумадиллаева Гулжамал Нуртазаевна 

Оқу бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к.

10

Касимбекова Баршагул Анарбаевна

Сапа менеджменті  жүйесі және аккредиттеу бөлімінің меңгерушісі

11

Қалдыбаев Әбдімәлік

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі п.ғ.к., доцент

12

Аскаров Үсен Файзуллаевич

Баспасөз қызметінің жетекшісі

13

Дильдабаев Канат Нуржанович

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі ректордың кеңесшісі

 

14

Смайлов Аетжан

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі ректордың кеңесшісі, ф.ғ.к.

15

Қыстаубаев Ермахан Ибадуллаұлы

Оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі ректордың  кеңесшісі, техн.ғ.к.

16

Керимбаев Даурен Маратович

Физика-математика және кәсіби білім факультетінің деканы, ф.ғ.к

17

Алибаева Эльмира Тураковна

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті деканы, а-ш.ғ.к.

18

Пәзіл Әбдіреш Әшірұлы

Филология және құқық факультеті деканы, п.ғ.к

19

Пошаева Гүлжамила Серікбайқызы

Жаратылыстану факультеті деканы, б.ғ.к.

20

Юсупбаев Жаксылык Шурабекович

Өнер және спорт факультеті деканы, а-ш.ғ.к., доцент 

21

Ертаев Ермек Жаханшаұлы

Бизнес және техника факультеті деканы, э.ғ.к

22

Ахметов Серімжан Іңкәрбекұлы

Сырттай  және қашықтықтан оқыту  факультеті  деканы орынбасары

23

Ережепова Шолпан Сейткасымовна

Сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті деканы орынбасары

 

24

Ахмет Лаура Сматуллақызы

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

25

Бердиева Меруерт Аймамбетовна

Математика, физика және информатика кафедрасының меңгерушісі  Phдокторы

 

26

Танабаева Гульмира Тулебаевна

 Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.

27

Калыбеков Полат Ермекович

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

28

Майлыбаева Лазат Серикбаевна

Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

29

Губайдуллин Өтеген

Музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі 

30

Асабаев Чапай

Биология және химия кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к.

31

Балқыбекова Ынтық

Тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.

32

Орынбасарова Гулжан  Жақсымбетқызы

Қазақстан тарихы және қоғамдық  пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.

33

Жүнісбеков Жұман Сағынбекұлы

Ақпараттандыру және стандарттау кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к

34

Алшынбаев Кулалбек Ильясович

Дене шынықтыру және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушіс,п.ғ.к.

35

Калыкулов Куатбек  Мухтарбекович 

Бизнес кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к.

36

Арынбеков Мұрат Тұрғанбекұлы

Оқу бөлімінің бас маманы

37

Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы

Экология кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к.

38

Нсанбаев Бахытжан Сагындыкович

Өнер кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.к.

39

Әзбергенова Айгерім

Студенттік  ректор

 

     Ғылыми кеңес туралы ереже

 

1 Жалпы ережелер

1.1 Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Ғылыми кеңесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  44-бабының  9-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 574 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібіне» сәйкес әзірленді.

1.2 АӘИУ Ғылыми кеңесі университетті алқалық басқарудың бір нысаны болып табылады.

1.3 Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, осы Ережені, сондай-ақ АӘИУ жарғысын басшылыққа алады. Ғылыми кеңестің қызметі оның құзырына кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың ашықтығына негізделеді.

2 Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы және оны сайлау тәртібі

2.1Ғылыми кеңес АӘИУ ректорының бұйрығымен құрылады.

2.2 Ғылыми кеңесінің құрамына университет ректоры, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, профессор-оқытушы құрамы, университет жастар комитеті өкілдері кіреді.

2.3 Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және тақ санды мүшелерден тұрады.Қажетіне қарай жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жеке өзгерістеренгізілуімүмкін.

2.4 Ғылыми кеңес төрағасы АӘИУ ректоры болып табылады. Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда, оның міндетін орынбасары атқарады.

2.5 Төраға Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, осы Ережеге сәйкес оның жұмысын қамтамасыз етеді.

2.6 Ғылыми кеңестің басқа мүшелері АӘИУ ұжымының жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады.

2.7 Хатшыны Ғылыми кеңес сайлайды және ол Ғылыми кеңестің іс қағазын жүргізуге жауапты болады.

2.8 Ғылыми Кеңес өз жұмысын оқу жылына бекіткен жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады. Ғылыми кеңестің отырысы оқу жылына жасалған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өтеді.

2.9 Ғылыми кеңестің отырысы, егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды күші бар болып табылады. Дәлелді себептер бойынша Ғылыми кеңестің мүшесі отырысқа қатыса алмайтын болса, ол туралы алдын ала төрағаға хабарлауы керек. Ғылыми кеңестің шешімі, егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі.

3 Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты 

3.1 Кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам және АӘИУ-дің білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасайды.

3.2 АӘИУ-дің қаржы саласын реттейді және материалдық-техникалық базасын нығайтады.

3.3 АӘИУ-дің одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.

4 Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады: 

- университет құрылымын бекіту;

- университет Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу;

- университет оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, кафедралар, факультеттер және тағы басқалар);

- университет даму тұжырымдамасын айқындау;

- университеттің оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелерді шешу;

- ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізудегі бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдау; 

- оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оқу құралдарын, оқулықтарды шығаруды ұсыну және қарастыру;

- ақылы негізде оқитын студенттерді білім беру гранттарына және оқытудың экстернат нысанына ауыстыру туралы шешім қабылдау;

- диссертациялық зерттеулер жүргізу мақсатында магистранттардың ғылыми жетекшілерін, тақырыптарын бекіту; 

- университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;

- бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ университетте ақылы білім беру және өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық кірістердің бағыттарын анықтау;

- атаулы степендиялар мен сыйақыларды, ғылыми және құрметті атақтарды тағайындау және бекіту;

- университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;

- алқалық шешімді талап ететін университеттің ағымдық қызметінің өзге де мәселелерін қарау. 

Ғылыми кеңес шешімі Ғылыми кеңес төрағасының және Ғылыми кеңес хатшысының қолдары қойылатын хаттамалармен ресімделеді.

Бөлісу: