Факультет деканы

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор  

Нағызбек Ордабайұлы  Ордабаев 

 

 

 

 

 

Факультетте 8 кафедра, мол кітапхана қоры жұмыс жасайды. Интернет желісіне қосылған компьютер сыныптары мен электрондық оқу залдары жұмыс істейді.

Білім беру процесі кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша іске асырылады. Факультетте кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін қолдану мақсатында (PLATONUS) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. Оқу мерзімі- 2, 3 және 5 жыл.

Сырттай оқу түрінде студент жылына 2 рет ұзақтығы 1 айға созылатын интенсивті оқуға келеді және аяқталысымен емтихан тапсырады.Сонымен қатар 2008 жылдан бастап Қазақстанда сырттай оқу бөлімінде жалпы орта білім (11 сынып) негізінде жоғарғы білім алуға болмайды, тек орта кәсіптік және жоғарғы білім негізінде ғана сырттай оқуға болады (2 немесе 3 жыл).

Оқудың кешкі түрін күндізгі-сырттай деп те атайды, яғни оқу процесі кешке қалдырылған, яғни студент күндіз жұмыс жасап, ал 18.00 сағаттан соң университетте дәріске қатыса алады. Кешкі оқу түріне кез келген білім баспалдағынан кейін түсуге болады, сонымен қатар туыстас мамандықтар немесе жоғарғы оқу негізінде оқу мерзімдерін қысқату қарастырылған және аталған оқу түрі бойынша білім алуға кейбір мамандықтарға тыйым салынған.

Қашықтықтан оқыту – оқушыға негізгі оқу материалдарын жеткізіп беру , оқу процесі кезінде оқушы мен оқытушылардың интерактивті іс-әрекет етуіне, оқу материалдарын игеру кезінде сонымен қатар оқу процесінде оқушыларға жеке жұмыс жасау мүмкіндігін беретін технологиялар жиынтығы. Қашықтықтан оқыту Интернет-технология арқылы жүзеге асырылады: желіде оқытушылармен тексерілетін лекциялық кешендер, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар орналастырылады және де онлайн-кеңес-берулер мен лекциялар өткізіледі, сонымен қатар материалдарды игеруді тексеру онлайн-тестілеу арқылы өткізіледі. Егер мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмысты қорғау қарастырылған болса, студенттер оны қалыпты жағдайда яғни ЖОО-да тапсырады.

Факультетте оқытылатын мамандық атаулары

          5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
          5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен  әдістемесі
          5В010300 – Педагогика және психология 
          5В010600 – Музыкалық білім 
          5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу
          5В010800 – Дене шынықтыру және спорт
          5В010900 – Математика 
          5В011000 – Физика 
          5В011100 – Информатика 
          5В011200 – Химия
          5В011300 – Биология 
          5В011400 – Тарих

          5В011600 – География 
          5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті 
          5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті 
          5В011900 – Шетел тілі: екі шет тілі
          5В012000 – Кәсіптік оқыту
          5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 
          5В020300 – Тарих 
          5В030100 – Құқықтану
          5В050100 – Әлеуметтану
          5В050200 – Саясаттану
          5В050600 – Экономика
          5В050800 – Есеп және аудит 
          5В050900 – Қаржы 
          5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
          5В060100 – Математика  
          5В060700 – Биология 
          5В060800 – Экология 
          5В070300 – Ақпараттық жүйелер 

 

 

 

 

Бөлісу: