Әлімбаев Медеу Еркінұлы

филология ғылымдарының  кандидатты

Әлімбаев Медеу Еркінұлы 1983 жылы қараша айының 28-ші жұлдызында ОҚО, Сарыағаш ауданы, Біртілек ауыл әкімшілігіне қарасты Ораз-ата ауылында дүниеге келген. 1990 жылы №119 Р.Әлібекұлы атындағы орталау мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1998 жылы 9-шы сыныпты үздік аяқтады.Сол жылдың 1-ші қыркүйегінде Т.Бигелдинов атындағы  №118-ші орта мектебінің 10-шы сыныбына қабылданып, 2000 жылы қызыл аттестатпен тәмамдаған. Жоғары білім алу мақсатында 2000 жылы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Филология факультетіне қарасты «Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандығының 1-ші курсына оқуға түсіп, аталмыш оқу орнының 5-ші курсын жақсы деген бағамен 2005 жылы бітіріп шыққан. Өзінің еңбек жолын 2005 жылы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Филология факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы  қызметінен бастаған. Филология ғылымдарының докторы, доцент С.Р.Боранбаевтың жетекшілігімен «ХІV-ХV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері» атты ғылыми тақырып бекітіп, 22.12.2006ж өзі қызмет атқарып жүрген кафедраның ізденушісі болып тіркелген. Бекітілген ғылыми тақырыбы бойынша жұмысты толық аяқтап, 29.10.2010ж Алматы қ. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шыққан. Ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-көпшілік басылымдарда 15-тен астам мақаласы жарияланған. 

 

Бөлісу: