Факультет деканы

Алибаева Эльмира Тураковна

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

 

 

 

Факультет кафедралары

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы

 

Жалпы мәлімет

Гуманитарлық-педагогикалық мамандықтар негізінде 2008 жылы«Гуманитарлық-педагогикалық» факультеті құрылды. Факультет кұрамында 3 кафедра жұмыс істейді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі  ф.ғ.к., аға оқытушы  Г.Т. Танабаева, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Л. Майлыбаева, «Мектепке дейінгі дайындық және бастауыш білім» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., аға оқытушы Б. Е. Қалыбеков.

       Факультетті а.ш.ғ.к., аға оқытушы Э.Т. Алибаева басқарады. Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  магистр, аға оқытушы А.С. Сабденова және әдіскер қызметін М.Бейбітбек атқарады.

Факультетте студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттері, интернет жүйесіне қосылған 8 компьютер класы,  интерактивті оқытудың комплекті жүйесі студенттер игілігі үшін  қызмет көрсетеді.

            Факультетке қарасты 3 кафедрада ПОҚ - 77, оның ішінде 7-ғылым докторы, 1-phd доктор,  34-ғылым кандидаты, 9-аға оқытушы, 26-ғылым магистрі бар. Факультетте 5 мамандық бойынша  742  студент білім алып келеді. Студенттерге дәріс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Факультет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқауларға және ғылыми конференцияларға қатысып  жетістіктерге жетіп, марапаттауларға ие болды.Мемлекеттік жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары және бітірушілердің университетте алған терең теориялық білімдерінің нәтижесінде оқу орнымыздың түлектерінің жұмысқа орналасуы қазіргі таңда 95% құрап отыр.

 
Бөлісу: