Факультет деканы
Пошаева Гулжамила Серікбайқызы
биология ғылымдарының кандидаты
Факультет кафедралары:
Факультет дайындайтын мамандықтар:
- 5В011200 – Химия;
- 5В011300 – Биология;
- 5В060700 – Биология;
- 5В060800 – Экология;
Факультет төмендегідей мамандықтар бойынша магистрлер даярлайды:
- 6М011200 – Химия;
- 6М011300 – Биология;
- 6М060600 – Химия;
- 6М060700 – Биология;
- 6М060800 – Экология;
Жалпы мәліметтер
«Жаратылыстану» факультеті 2013-ші жылдың қыркүйек айынан бастап құрылды.
Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 45 профессор – оқытушылар жұмыс жүргізуде: оның ішінде ғылым докторы, профессор – 7; ғылым кандидаттары, доцент - 21, ғылым магистрі – 14, аға оқытушы 3. Факультет бойынша ғылыми дәреже атағы бар оқытушылардың үлесі 62% құрайды. Факультетте оқу үрдерісі оқытудың жаңа жүйесі кредиттік технология негізінде жүргізілуде. Факультеттің материалдық - техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.
Бүгінгі таңда факультетте «Жас Отан жастар қанаты» пікір-сайыс клубы, «Жас натуралист», «Жас химик», «Биосфера» үйірмелері, «Қыздар stars +1» КТК командасы факультеттің намысын қорғауда.
Факультетте 450 студент заман талабына сай білім алып, білікті маман болып жетілуі үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалған. 1 студент облыс әкімінің жолдамасымен білім алуда, 8 студент 20%, 12 студент 10% жеңілдікпен оқиды.
Оқу процесі техникалық жабдықтармен, интернет жүйесіне қосылған компьютер орталығымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілген. Студенттердің сабақтан тыс уақытта өнермен, спортпен айналысуына толық жағдай жасалған. Университетте 500 орындық «Студенттер үйі» жұмыс істейді.