Смайлов Аетжан Бакирович

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Смайлов Аетжан  Бакирұлы 1964 жылы, 23 сәуірде  Өзбекстан  Республикасы,  Ташкент  обылысы, Төменгі  Шыршық ауданы, Заря  коммунизм колхозында қызметкер жанұясында дүниеге келген. 1971 жылы Ғ. Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебіне 1-ші сыныпқа барып, 1981 жылы осы аталған мектепті бітірген. 1981 жылы Семей қаласындағы зооветеринарлық институтқа оқуға  түсіп, 1986 жылы осы оқуды аяқтайды. 1986 жылы Көкшетау қаласында 1 жыл өз мамандығы бойынша жұмыс істеп тәжірбие жинақтайды. 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Волков атындағы совхозда мал дәрігері болып 1 жыл жұмыс істеп 1988 жылы Өзбекстан Республикасының С. Киров атындағы 1992 жылдар аралығында колхоздың бас дәрігер қызметінде жұмыс істейді. 1992жылдың маусым және қазан айлары арасында Ташкент обылысының Ғалаба ауданында аға эпизотолог қызметінде болып, сол жылы, сол жерден зооветсианатқа дәрі-дәрмектер меңгерушісі қызметіне ауыстырылады. 1993-1996 жылдар аралығында  Ғ.Мұратбаев атындағы №21 орта мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі  болып жұмыс істейді. 1996 жылы ОҚО Шымкент қаласына келіп қазақ бапасы фирмасына коммерциялық  мәселелер жөніндегі директор қызметіне тағайындалды. 2001-2002 жыл ОҚО «Оңтүстік құс»  фирмасында өнеркәсіп цехында мал дәрігер қызметін қайта жалғастырды. 2002жылы Шымкент қаласындағы ХҚАУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданып, 2003 жылы осы университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметіне тағайындалды. 2004-2007 жылдар аралығында ҚАЗМУ-нің аспирантурасына оқуға түсіп, ізденуші ретінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады.   

2008 жылы ОҚПУ Отырар институтының сырттай және қашықтықтан оқыту факультетінің проректоры болып тағайындалды. Осы аралықта бірнеше ғылыми мақалалары мен әдістемелік көмекші құралдары жарық көрді. Қазіргі таңда 2013 жылы АЖИ-дың директоры қызметіне тағайындалды, сонымен қатар «Тілдер» кафедрасының ф.ғ.к. доценті. Отбасылық жағдайы: Жолдасы- Досжан Райхан  ф.ғ.д. «Тілдер» кафедрасының доценті, АӘИУ-дің ғылыми істер жөніндегі проректор. Үлкен ұлы- Смайлов Нұржігіт Дарын мектебінің 9 сынып оқушысы. Кіші ұлы- Смайлов Р. мектеп оқушысы.

Бөлісу: