Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз

Университеттің миссиясы– Қазақстанның оңтүстік аймағының әлеуметтік жағдайын, инновациялық әлеуетін көтеру мақсатында білім, ғылым және тәжірибе арасындағы өзара байланысты дамыта отырып, қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру қызметін ұсыну.

Келешек келбеті: Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 2020 жылы оңтүстік аймақта заманауи ғылыми білімді, жаңа инновациялық және мәдени-ағарту орталығына айналады. Педагогика, экономика, құқық салалары бойынша бакалавриат, магистратура түрлеріндегі білікті маман дайындауды жоғары деңгейде жүзеге асырады. Көптілді білім беру жүйесінің қалыптасуының айқындылығы және дуальды білім беру элементтерінің қалыптасуын дамытады. Оқу үрдісінде пәндер мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа технологияларын құру, басқару мен қадағалау, олардың республикалық, аймақтық деңгейде таралуын қамтамасыз етеді.

Университет стратегиялық дамуының өзекті мақсаты: ИСО 9001-2008 стандартының талаптарын басшылыққа ала отырып, Сапа менеджменті жүйесін ендіру және жетілдіру нәтижесінде әлемдік және аймақтық білім беру кеңістігінде қалыптасқан, стандарт талаптарына бейімделген бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандар дайындау.

Құндылықтар: Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде атқарылатын барлық іс-шаралар төменде көрсетілген құндылықтар шеңберінде жүзеге асырады:  

Достық және төзімділік: Университет барлық іс-шараларын отандық, шетелдік  университеттер арасында достық және мәдени айырмашылықтарға құрмет көрсету және өзара төзімділік таныта отырып жүргізеді.

Ғылыми көзқарас: Университет сапалы білім беруге қол жеткізуді, ғылыми іс-шараларды жоғары деңгейде жүзеге асыруды басшылыққа алады. Осы тұрғыдан ешқандай шектеуге жол бермейді. 

Қонақжайлылық:Студенттерге, әсіресе, Қазақстаннан тыс мемлекет­тер­ден келген шетелдік студенттер мен қызметкерлерге қонақжайлылық көрсетіледі.

Сапа түсінігі: Университетте оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстарды халықаралық стандарттарға сай жүргізу және сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуді міндеттейді.

Айқындылық:Оқу орнындағы үдерістер университет қарым-қатынас орнатылған ұйымдар/мекемелер алдында ашық-айқын жүзеге асырылады.  

Есеп беру міндеті: Түрлі санаттағы жауапты тұлғаның өзі атқарған жұмыстарға, қабылдаған шешімдеріне есеп беру міндеті бар.

Әділдік: Университет басшылығы мекеме қызметкерлерінің арасында бөлінушілікке, жікшілдікке жол бермейді, бейнетке, қабілеттілікке маңыз береді және атқарылған жұмысқа құрмет көрсетеді.

Университет дамуына үлес қосу: Университет қызметкерлері жеке тұлғалық құқықтарын сақтай отырып, әрбір салада басқару үдерісіне бір кісідей қатысады.

Үздіксіз даму: Қызметкерлер университеттің бүкіл жұмыстарын әрқашан үздіксіз жақсартуға және дамытуға әрекет жасайды.

Қоршаған ортаны қорғау: Университет қызметкерлері табиғаттың қорғалуына және дамуына өз үлестерін қосуға аянбайды. 

Келешекке сенім: Университет қызметкерлері келешекке зор үмітпен қарайды.

Қоғам пайдасы: Университет негізгі қызметін қоғам мүддесін назарға ала отырып тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады, қоғамның әрбір мүшесінің өмір бойы білім алуына қолдау көрсетіп, үлес қосады.

Бөлісу: