Оқу бөлімінің меңгерушісі

Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы - филология ғылымдарының кандидаты. Білімі жоғары, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын Үздік белгімен 1988 жылы аяқтаған.Педагогикалық жұмыс өтілі 28 жыл.

Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы –2013-2014 оқу жылының қыркүйек айынан бастап Оқу бөлімін басқарады. 2005 жылы Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ф.ғ.д., профессор Г.Сағидолданың жетекшілігімен «ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан ономастикасының даму бағыттары» атты ғылыми тақырыбын бекітіп, 2010 жылы Алматы қаласында ҚАЗҰУ-де ғылыми кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазақ ономастикасының даму бағыттарына, атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Қазақ тіл білімінің лексикалық, морфологиялық ерекшелігіне және қазақ тілінде қолданылып жүрген медициналық терминдердің хал-ахуалына, ерекшелігі мен түйіні шешілмеген мәселелеріне, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты 50-дан аса ғылыми еңбектері отандық, шетел басылымдарында жарық көрді.

2012-2013 оқу жылынан бастап осы бөлімді басқарады.

 

Кадрлар құрамы

Оқу бөлімінің бас маманы:  Хайтбаева Гулзада Наматқызы

      ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде, Үлгілік оқу жоспары мен элективті каталогқа сүйене отырып оқыту мамандықтары бойынша оқу жұмыс жоспарын жасап бекітуге ұсыну; Оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқу процесінің кестесін жасау;

Оқу бөлімінің маманы- Тұрғынова Майра Серікбайқызы

Кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу; анықтамаларды базадан тексеру; бұйрықтарды  Platonus ААЖ-не енгізу.

Оқу бөлімінің статисті - Жамалбаева Айнұр Мырзаханқызы

Студенттердің контингентін анықтау; Университеттің оқу жылы бойынша статистикалық есебі; Кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу;

 

Тулеева Күмісай Қуанышбекқызы – жетекші маман

 

Арынбеков Мұрат Тұрғанбекұлы – жетекші маман

 

Дүйсенбекова Мадина Лесқызы– жетекші маман

 

Мақсаттары:

·                     Университетте академиялық процесті перспективалы жоспарлау, уақтылы ұйымдастыру және тиімді үйлестіру, соның ішінде бұл процестерді автоматтандыруды енгізу арқылы оқу процесін жетілдіру.

·                     Тұтынушыға ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

·                     Бөлім қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік және жеке тұлға ретінде дамыту.

Міндеттері:

·                     Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;

·                     Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін мемлекеттік лицензияға сәйкес міндетті білім берубағдарламаларын жүзеге асыру;

·                     Мамандықтар бойынша оқу жоспарларын дайындауға жетекшілік ету;

·                     Кафедраларда өтілетін пәндер тізімін анықтау;

·                     Сабақ кестесін үйлестіріп, университет бойынша академиялық топтар легін құруға басшылық жасау;

·                     Оқу жүктемесінің сағаттарын есептеу;

·                     Контингенттің қозғалысына сәйкес статистикалық мәліметтер дайындап қажетті мекемелерге есеп беру;

·                     Университеттің штатын есепке алу және тексеру;

·                     Университет кафедраларының профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемелерінің орындалуын есепке алу;

·                     Диплом жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін бекітуге ұсыну оқу бөлімінің міндеті болып саналады.

Функциялары:

·         Офис-тіркеуші жасаған барлық факультеттердің сабақ кестелерін және емтихан кестесін оқу жоспарларымен сәйкестендіріп отыру, ол кестелерді барлық кафедралармен келісу, үйлестіру, орындалуын бақылау;

·         Оқытушы-профессорлар құрамының оқу жүктемесін есептеу және бөлу;

·         Оқу процесін қамтамасыз ету үшін аудиториялық қорды бөлу;

·         Студенттердің кәсіптік тәжірибесінің базаларын анықтау және келісім шарт жасалуын қадағалау;

·         Кафедралардың жылдық оқу жүктемелерін және штаттық кестесін дайындап, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын толтыруды қадағалап бекітуге ұсынады.    

Бөлісу: