Сыпабеков Нұрбол Сағындықұлы

Сыпабеков Нұрбол Сағындықұлы 24.08.1976 жылы Шымкент облысы (қазіргі ОҚО), Алғабас ауданы(қазіргі Бәйдібек) Амансай ауылында туылған. Білімі жоғары.

1983 – 1990 жылдары «Октябрь» орталау мектебінде, 1990 – 1991 жылдары Қ.Өтемісұлы орталау мектебінде , 1991- 93 жылдары «Октябрь» орта мектебінде оқыған.

1993 жылы Алматы қаласындағы Әль – Фараби атындағы ҚазМҰУ-ң география факультетіне география мамандығы бойынша оқуға түсіп,осы оқу орнын 1997 жылы бітіріп шықты.

1997 – 98 жылдары Қ.Өтемісұлы орталау мектебінде география,тарих пәндерінен мұғалім болып жұмыс істеген.

1998 – 1999 жылдары ОҚО ІІББ қызмет атқарған.

1999 – 2001 жылдары Қ.А.Яссауй атындағы ХҚТУ ШБ контрактпен әскери кафедрада оқу шебері болып жұмыс істеді. 2001 жылы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрығы негізінде Қ.А.Яссауй атындағы ХҚТУ ШБ әскери кафедрасына   оқытушы ассистенті қызметіне тағайындалып, 2003 жылы осы әскери кафедраның аға оқытушы қызметіне ауысып, 2004 жылға дейін қызмет атқарған.

2005 – 2006  жылдары Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №44 орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

2006 – 2007 жылы Шымкент қаласындағы «Отырар» университетіне «Қазақстан тарихы» кафедрасына оқытушы, гуманитарлық факультетінің деканының орынбасары қызметін,сондай-ақ 2007 жылы «Отырар»  колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнінің І – санаттағы оқытушы қызметтерін атқарған.

2007 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Тарих және география» кафедрасына оқытушы ретінде қабылданып, 2012 жылы оқу бөлімінің  бас маманы қызметін атқарған. 2013 жылдан Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университетінің Әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді.

Н.Сыпабековтың 10 – нан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

Жанұялы. 1 қыз бен 1 ұлдың әкесі.

Бөлісу: