Қыстаубаев Ермахан Ибадуллаұлы

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Қыстаубаев Ермахан Ибадуллаұлы   1971  жылы 16 наурызда ОҚО Сарыағаш ауданы Жібек жолы селосында дүниеге келген. 

1977 жылы Дихан баба елді мекеніндегі  Ы.Алтынсарин атындағы орта   мектепке  1-классқа барып, сол мектепті 1988 жылы бітірген.

1988 жылы 1 тамыздан қазіргі  Өзбекстан Республикасы Ташкент облысындағы Средазсельхозмаш ғылыми - өндірістік бірлестікте қатардағы жұмысшы фрезеровщик болып еңбек жолын бастаған.

1989 жылы 9 маусымнан 1991 жылы 13 маусымға дейін КСРО Қарулы  күштер   қатарындағы әскери  борышын өтеген.

5 тамыз 1991 жылы ОҚО Шымкент қаласындағы  Қазақ химия  технологиялық институтының силикаттар технологиясы  факультетіне 1 курсқа қабылданған. 1996 жылы 1-шілдеде Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін инженер –химик - технолог мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.

1997 жылы 1 қаңтардан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ-нің аспирантура бөліміне қабылдандып, оны 2000 жылы 1 қаңтарда аяқтаған.

1999 жылы 29 қазан күні «Металл - сорбент дисперттік жүйелердің коллоидты химиялық қасиеттері» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысын табысты қорғаған.

2000 жылы  1 ақпаннан ХҚТУ ШБ-нің «химия» кафедрасында лаборант, оқытушы, аға оқытушы және доцент  қызметтерін атқарған.

2002-2003 және 2004-2005 оқу жылдарында ХҚТУ ШБ және ШИ директорларының көмекшісі қызметтерін атқарған. 2005 жылдың 1-қыркүйегінен 2006 жылдың 23 қазанына дейін   «Химия» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2006 жылдың 23 қазанынан күндізгі бөлім Жаратылыстану факультетінің деканы қызметін атқарған. 2007 жылы 24 қыркүйегінен директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарының кеңесші қызметін атқарған.

2008 жылдың 26 ақпанынан сырттай оқу факультетінің деканы қызметін атқарған.  2008 жылдың 13 маусымнан Академиялық Инновациялық Университет ректоры  қызметін  атқарды. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен  оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2012 жылдан бері Академиялық инновациялық институтының директоры қызметін атқарып келеді.

2010 жылдың 31 наурызынан профессор міндетін атқарушы қызметінде жұмыс атқаруда.

Жалпы жұмыс өтілі- 25 жыл. Ғылыми – педагогикалық өтілі – 20 жыл. Жалпы ғылыми еңбектерінің саны – 105. Оның ішінде 3 монография, бір Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуге алынған  22 авторлық куәлігі бар электрондық оқулығын шығарған, 3 ғылыми мақаласы нөлдік емес импакт-факторлық басылымда жарияланған және 10 ғылыми мақаласы шетелдік басылымдарда шыққан.

 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен, 2009 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы жарлығымен 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төс белгісімен, 2009 жылы ОҚО әкімінің алғыс хатымен, 2013жыл ОҚО әкімінің алғыс хаттармен және басқада бірнеше алғыс хаттар мен мадақтамалармен. 

2014 жылдың «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері болған. 2015 жылдың «Университеттің үздік ғалымы» номинациясының иегері. Нұр-Отан партиясының мүшесі. 2015 жылдың Ресей Федерациясының Ресей Академиялық Жаратылыстану ғалымдарының 20 жылдығына орай «Европалық сапа Алтын медалімен» марапатталған.

Бөлісу: