Факультет деканы

 

Юсупбаев Жақсылық Шурабекович

а.ш.ғ.к., доцент

 

 

 

 

Факультет кафедралары

Өнер кафедрасы

Денешынықтыру және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы

Жалпы мәлімет

Факультет Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының “Көркемсурет графика” факультеті негізінде 1993 жылы «Өнер» факультеті болып ашылды. Кейін Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент бөлімі болып жөғары оқу орынының аты өзгерді. 2012-2013 оқу жылынан бастап ҚР БжҒМ қаулысыменАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті болып құрылды.

Өнер және педагогика факультетінде тәжірибесі мол профессор-оқытушылар дәріс береді. Оқытушылар ұжымында ғылым, өнер және шығармашылық саласында жетістіктерге жеткен ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, ҚР Мәдениет қайраткерлері, магистрлар, ҚР Дизайнерлер, Суретшілер, Сәулетшілер одағының мүшелері, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары жұмыс істейді.

Жас мамандармен болашақ мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын дамытуға, ғылыми-ізденіс жұмыстарын терең меңгеру үшін ғылыми кеңес беру орталығы құрылған. Осы орталықта курстық және дипломдық жұмыстар мен қатар магистрлік диссертация ізденістерінің сапасын дамытуға мүмкіндіктер жасалған. Студенттермен магистранттарға кәсіптік салалар бойынша жоғары деңгейде білім алуларына толық жағдай жасалған. Мамандықтардың ерекшелігіне сай жеке сабақ өту үшін арнайы аудиториялар бөлінген, лекциялық, практикалық дәрісханалар және оқу шеберханаларымен жабдықталған. Сонымен қатар 5 компьютер, 2 интербелсенді және Инетернет дәрісханаларында заманауи талаптарына сай оқу үрдісіне  жағдай жасалған. Факультетте дизайн шеберханалары, сән театры, халықаралық байқаулардың лауреаттары “Туран” би ұжымы  қызмет атқарады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:

  • Түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларды өткізу және ұйымдастыру; (халықаралық, аймақтық, республикалық)
  • Жас мамандарды кәсіби тұрғыда даярлауда іс-тәжірибелік семинарлармен тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде өткізу; («Өнер әлемі» атты студенттік ғылыми үйірме);
  • Оқу-тәрбие үрдісінде ғылыми ізденіс жұмыстары мен оқу жұмыстарына мониторингтер өткізу;
  • Ғылыми ізденіс жұмыстарының салаларын ұйымдастыру;

 Соңғы үш жылда ғалым профессорлар мен оқытушылардың 500-ге жуық ғылыми мақалалар, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар мен ғылыми еңбектері, шығармашылық туындылары  жарық көрді.

 Факультет мамандыктары:

Бакалавриат:

 - 5В11900 - Шетел тілі: екі шет тілі
 - 5В010800 - Дене шынықтыру және спор
 - 5В010600 - Музыкалық білм
 - 5В040900 - Хореография
 - 5В041400 - Графика
 - 5В041700 - Сән өнepi
 - 5В042100 - Дизайн

Магистратура:

  • 6М011900 - Шетел тілі: екі шет тілі
  • 6М010800 - Дене шынықтыру және спорт
  • 6М042100 - Дизайн
Бөлісу: