ҚР БҒМ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары

 Студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында қысқы және жазғы сессия кезінде білімгерлерден алынатын сауалнаманы білімгерлерге алдын-ала   түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Оқу жылының 1-ші жарты жылдығында қысқы емтихан кезінде «таза сессиясы» акциясы аясында студенттер арасында сауалнама алып, қортындысын шығару.
  2. Оқу жылының 2-ші жарты жылдығында жазғы емтихан кезінде «таза сессиясы»  акциясы аясында студенттер арасында сауалнама алып, қортындысын шығару.
  3. Куратор сағатында сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық іс екенін кең көлемде түсіндіру.
  4. Старостылар жиналысында жиі талқылау жұмыстарын жүргізу.
  5. Белсенді білімгерлермен жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.  
  6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатындағы бейне роликтер дайындап көрсету және түрлі үйлестірмелі материалдар тарату, қабырға газеттерін ілу.

Жоспар университеттің ректоры Боранбаев Сандыбай Режепұлының 10.10.14 жылғы №26 бұйрығы негізінде  құрылды.

 

Білімгерлер назарына!!!

Құрметті білімгерлер, елімізде өрескел заң бұзушылық болып табылатын сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараларға белсене атсалысуларыңызды сұраймын. Егер қандайда бір пара талап етілген жағдайда төмендегі сенім телефондарына хабарласыңыздар.

Ректор  Боранбаев С. Ішкі-106;    қалалық   35-94-46  

Оқу және инновациялық  технологиялар жөніндегі проректор Мамаев Қайрат  Ішкі-105;   қалалық   35-94-08

Тәрбие және әлеуметтік   Істер жөніндегі проректор Әлімбаев Медеу Ішкі-110;   қалалық   35-91-77 

 

                СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЕРЕЖЕСІ

 

1 Жалпы ережелер

1.    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

2.    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер және осы Ережеде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар болып табылады.

 

2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының  мақсаты мен міндеттері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі мақсаты АӘИУ-дің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың тиімділігін  арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатердің алдын-алу және құқық бұзушылықты азайту шараларын жүргізу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының мақсаттарына қол жеткізу үшін төмендегі міндеттердің  орындалуы ұйғарылады:

–      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерді заңнама қағидаларының сақталуын қадағалап орындауға, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана-сезім деңгейін көтеруге, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына белсенділік сипатын  беруге бағытталған ауқымды ағарту шараларын ұйымдастыру және өткізу арқылы ОПҚ мен қызметкерлерге, білімгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және дамыту, сыбайлас жемқорлықтың  қандай да болмасын көріністерін қабылдамайтын, сынға алатын ашық түрде жақтырмайтын жағдай туғызу;

–      университеттің құрылымдық бөлімдерінің қызметінің ашық және жариялылық жағдайларында және университет стратегиялық міндеттерінің  орындалуын бақылау және құрылымдық бөлімдердегі «сыбайлас жемқорлық» көрінісін анықтау үшін сыбайлас жемқорлық қатерлерін алдын алу және азайту мақсатымен өткерілетін оқу-тәрбие, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелік деңгейін көтеру;

–      сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қызметкерлерді анықтау, оларға тыйым салу мақсатында қатаң жауапкершілікке тарту. Сыбайлас жемқорлықтың ұжымда орын алу жағдайлары мен себептерін анықтай отырып қолайлы, қатерлі тұстарын түзету, оның алдын-алу шараларын, құқықтық сана-сезім деңгейін көтеру;

–      сыбайлас жемқорлықтың ұжым арасында терең сипат алуына тосқауыл жасау мақсатында құрметті атақтар мен лауазымды қызметтер атқаруына қарамастан жауапкершілікке тарту;

–      сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қызметкерлерге құқық қорғау органдарынан келіп түскен хабарламаларға сүйене отырып, қатаң шаралар қолдану (жұмыстан шығару, мемлекеттік құқықтық органдарға жолдау және т.б.) және ол қызметкер жұмыс істейтін құрылымдық бөлім, басшыларын да тікелей жауапкершілікке тартуды қарастыру;

–      қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қатысқан жағдайда, өздерінің қатаң жазаланатындарын  білетіндей үздіксіз ахуал қалыптастыру.

 

3 Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктер

1.    АӘИУ-дің қызметкерлерінің, оқытушы-профессорлар құрамының, білімгерлерінің және оқу-көмекші қызметкерлерінің  құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде ҚР еңбек Кодексі нормаларына сәйкес тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.

2.    Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн, бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе өзіне жүктелген мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.

3.    АӘИУ-дің қызметкерлерінің, оқытушы-профессорлар құрамының, білімгерлері және оқу-көмекші қызметкерлерінің құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе қызметтік нұсқауда бекітілген қызметтерді орындауын тоқтатуға әкеп соғады.

4.    АӘИУ-дің қызметкерлерінің, оқытушы-профессорлар құрамының, білімгерлерінің және оқу-көмекші қызметкерлері қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы жөніндегі ақпарат, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болса, университет басшылығы мемлекеттік құқықтық органдарға жолдауға міндетті.

5.    Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын іс-қимыл жасаған тұлға анықталған жағдайда, тәртiптiк жаза терiс қылықтың жасалғаны анықталған күннен бастап, ҚР қолданыстағы заң нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

6.    Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдарға төмендегідей жауаптылық белгіленеді: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияға АӘИУ қызметкерлері, оқытушы-профессорлар құрамы, білімгерлері және оқу-көмекші қызметкерлері жөнінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған университет персоналы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатылады немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан шеттетіледі.

 

4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен жолдары

АӘИУ-дің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ережесіндегі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді:

1)   сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы жұмысын ұйымдастыру;

2)   факультеттер мен құрылымдық бөлімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шараларын жүргізіп отыратын белсенді жұмысшы топтарын құру;

3)   Ережені жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

4)   жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді жинау мақсатында барлық оқу ғимараттарында  хабарламалар, арыз-шағымдар салуға арналған сенім жәшіктерін орнату;

5)   университет әкімшілігі, іс-қимыл комиссиясы төрағасы мен мүшелері айына бір рет, кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру;

6)   оқу ғимараттарында, деканаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы мәліметтерді жария ету, стендтер әзірлеу;

7)   университет басшылығының келісімімен қабылдау комиссияларының жұмысын және бакалавриат, магистратураға қабылдау үдерістерінің ережеге сәйкес жүргізілуін бақылау, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, сессия барысында аралық бақылау, емтихандарды тапсыру барысының  ережеге сай өтуін бақылауға алу;

8)   деканаттар тарапынан жатақханалардағы орындарды бөлу, студенттер мен ата-аналар арасында жариялық, ашықтық принциптерінің орындалуын бақылауға алу; 

9)   университетке бюджеттік және басқа да қызмет көрсету салаларынан түскен қаржылардың жоспарланған бағытта жұмсалуы мен мерзімді, тиімді игерілуін, тауарлар сатып алу және басқада қаржылық аударымдар бойынша тиімсіз пайдалануға, қаржылық тәртіптің бұзылуына жол бермеу және алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының қоғамдық бақылауын орнату;

10)    жастар комитетімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл акцияларын өткізу;

11)    Этикалық және тәртіптік комиссиясының жұмысын жандандыру;  

12)      «Таза сессия» және тағы басқа тақырыптық шаралар ұйымдастыру.

 

5 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының функциялары мен өкiлеттiктерi және оның жұмысын ұйымдастыру

1. АӘИУ-дің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) университеттің алқасы жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 

2. Комиссияның мiндеттерi сыбайлас жемқорлыққа және университет ОПҚ мен қызметкерлерінің қызмет этикасын бұзуына қарсы күрестi күшейтуге, олардың жауапкершiлiк деңгейiн арттыруға бағытталған келiсiлген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады. 

3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 

4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, техникалық хатшыдан және комиссияның өзге де мүшелерiнен тұрады. 

5. Комиссияның дербес құрамын университет ректоры бекiтедi. 

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

–      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын, соның iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдап, университет басшылығына ұсыну; 

–      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң жай-күйiне, университет ОПҚ мен қызметкерлерінің қызмет этикасын бұзушылықтарына жұмысшы тобының мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес мониторинг жүргiзу және талдау жасау; 

–      жауапты лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi, университет ОПҚ мен қызметкерлерінің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау, айына 1 рет жеке азаматтарды қабылдау мен қоғамдық қабылдаулар өткізу, сонымен қатар тәртiптiк жазалар қолдануға уәкiлеттiк берiлген адамдарға қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсынымдар дайындау. 

7. Комиссия өз құзыретi шегiнде құқылы: 

–      өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты, құжаттар
мен материалдарды сұратуға; 

–      университеттің басқарушы лауазымды тұлғаларынан жазбаша түсiнiктемелерiн талап етуге  және олардың ауызша түсiнiктемелерін тыңдауға; 

–      өз отырыстарында құрылымдық бөлім басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы мәселелерi жөнiндегi ақпаратын тыңдауға; 

–      университет басшылығына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерiн бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртiптiк жауаптылығы туралы, тiптi оларды атқаратын қызметiнен босатуға дейiн, ұсыныстар енгiзуге; 

8. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының
көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi роль атқарады. 

9. Комиссия өз жұмысына комиссия мүшелерi болып табылмайтын мамандарды, сарапшыларды, баспасөз, қоғамдық ұйымдар және саяси партиялар, басқа ұйымдар өкілдерін, жеке және лауазымды тұлғаларды тарта алады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi де шақырылуы мүмкiн. 

10. Комиссия төрағасының қызметі: 

1)   Комиссия қызметiне басшылық жасайды; 

2)   Оның отырыстарында төрағалық етедi; 

11. Төраға болмаған жағдайда,оның мiндеттерiнтөрағаныңорынбасары атқарады. 

12. Комиссияның техникалық  хатшысының қызметтері: 

1) Комиссия мүшелерiн Комиссия отырысыныңөтетін мерзімімен орны
туралы хабардар етедi,

2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады; 

3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргiзедi; 

4) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады,әрi бақылау
жасайды; 

5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге дефункцияларды жүзеге асырады. 

 

13. Университеттің барлық құрылымдық бөлім басшылары Комиссияжүктеген мiндеттердiңорындалуына көмек көрсетуге мiндеттi. 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

20 қаңтар 2017

1. Жалпы ереже

 

1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы
10 қарашадағыҚазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсыстандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі мен халықаралық ынтымақтастық департаменті болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:

1) қоғамдың қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартың негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау;

4) тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қарым-қатынас кезінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер алынған.

 

2. Қоғамдық қатысты ерекшеленген салада жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі

 

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын тиісті салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министр мен Жауапты хатшының бұйрықтарын, сондай-ақ Министрліктің ережесін басшылыққа алу;

2) Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекетік және басқа де тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;

3) жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз ету;

5) өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану;

6) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) шындыққа сәйкес емес мәліметтерді таратпау;

8) заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

9) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен шарттарын сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету.

9. Мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат беру қызметтерін көрсету кезінде:

1) тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;

3) қарастырылмаған құжаттарды сұратып алуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет пен басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету барысында әртүрлі әуре-сарсаңнан (салғырттықтан) аулақ болу;

4) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізу;

5) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік танытып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.

10. Лауазымды тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;

3) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;

5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылған әлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу.

11. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

1) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;

2) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа да адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

3) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық жасамау және мүліктік пайда немесе артықшылық пайда алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайданала отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік таныту;

5) сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамтқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу;

6) атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлау;

7) егер мүдделер қақтығысына тікелей басшының өзі қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;

8) табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту.

12. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде:

1) нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау мен талықылауда қоғамның, бүкіл ақпараттық құралдардың міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен тұрақты негізде құқықтық актілер монитроингі мен тиісті есептер дайындауды үйлестіруді қамтамасыз ету;

3) әзірленген нормативтік құқықтық актілер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберуге дейін көпшілікпен талқылау үшін  ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру;

4) сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормативтік құқықтық актілер нормаларын пайдаланбау.

13. Министрлік қызметшілерін/жұмыскерлерін таңдау мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде мыналар ұсынылады:

1) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімін сақтау;

2) Министрлікке қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

3) кадрларды іріктеу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

4) мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

5) қызметке/жұмысқа үміткерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6) Министрлік жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу.

14. Тіршілік әрекеті саласына байланысты пайда болған басқа да өзара қатынас барысында:

1) бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу;

2) бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;

3) олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік таныту,

4) бағынышты жұмыскерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу;

5) олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу;

6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу;

8) өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында қабылдау;

9) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану.

Бөлісу: