Факультет деканы

педагогика ғылымдарының кандидаты

Пәзіл Әбдіраш Әшірұлы

 

 

Факультет кафедралары

Тілдер кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Музыкалық білім  кафедрасы

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Жалпы мәлімет

Сапалы да тәрбиелі жас ұрпақ ертеңгі егеменді еліміздің мықты мамандары десек, артық айтпағандық. Білім сапасын арттыруда факультеттегі тәрбие жұмысының мақсаты егеменді еліміздің болашағы үшін салауатты, иманды, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар дайындау.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер ету үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Студенттердің білім деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында білімді тексеру және қалдық білімді қорытындылау жұмыстары  жүргізіледі. Семестрлер бойынша студенттердің білім деңгейлерін анықтайтын блок-рейтингтік жүйе жұмыс жасайды.

Факультетте оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмыстарға жоспарлар жасалған. Сондай-ақ тәрбие мәселесі әрбір тәлімгердің де міндеті. Олар бұл мәселелерге ерекше көңіл бөліп, тиісті жұмыстарды жоспарлайды. Ол жоспарлардың мақсаты – жастарымызды адамгершілікке, имандылыққа, жалпы адам баласына тән ең жақсы қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталған. Осы жолда Филология және құқық факультетінің ұжымы, яғни оқытушы-профессорлары да өз үлестерін қосуда.

Факультетте 4 кафедра жұмыс істейді. Атап айтсақ:

  1. Тілдер кафедрасы
  2. Құқықтану кафедрасы
  3. Музыкалық білім кафедрасы
  4. Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Кафедраларда көп жылдық тәжірибесі бар білікті ғылым кандидаттары мен профессорлар басшылық жасайды. Факультетте 28 ғылым кандидаты, 10 ғылым докторы, 3 доцент, 6 магистр, 4 концертмейстер, 51 аға оқытушы және оқытушылар жалпы 102 –ге жуық профессор- оқытушылар бар.

Бүгінгі таңда факультетте 627-ден астам студент дәріс алуда. Факультетте жылына 125-тен астам студент бітіреді. Оқу үрдісін жақсарту мақсатында тиісті мамандықтар үшін лингофондық дәрісхана заман талабына сай жабдықталған. Бітірген студенттер өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда.

Оқытушы-профессорлар құрамы жыл бойына ғылыми теориялық, ғылыми практикалық конференцияларға қатысып отырады.

Бүгінгі таңда факультетімізде бітірген мамандықтар бойынша  студенттер облысымыздың және Республикамыздың басқа да қалаларында көптеген сала бойынша қызмет етуде.

Білім министрлігінің жоғарғы оқу орындарына қойып отырған талабы өте жоғары. Факультеттің оқытушы-профессорлары жауапкершілікпен шәкірттерге сапалы білім беруде қажырлы еңбек етуде.

Бөлісу: