Кеңес төрағасы

Турсынбаев Абай Закирович  – педагогика ғылымдарының кандидаты, оқу-әдістемелік және қашықтықтан оқыту істері жөніндегі проректор.

 

 

 

 

 

Байланыс телефоны: 8 (775) 776 0617

E-mailЭтот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мекен-жайы: Шымкент қ., Д.Құрманбеков көшесі,  н/ү.

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі әдіскер

Бекбенова Ақмарал Рысқұлбекқызы –

магистр

Байланыс телефоны: 8 (702) 194 0027

E-mailЭтот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Оку-әдістемелік кеңес Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің коллегиялық басқару органының бірі болып саналады. Қоғамға қажетті оқытушылар мен студенттерді қанағаттанарлық деңгейін талдау негізінде университетте әдістемелік жұмыстарды үйлестіреді. ОӘК мамандарды кәсіптік дайындаудағы оқу үрдісінің сапасын және тиімділігін арттыру бағытындағы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады.

Оқу-әдістемелік кеңесінің негізгі міндеттері:

1) Оқу үрдістегі әдістемелік қамтамасыз етудің мониторингін ұйымдастыру;

2) Университетте шығарылатын оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, көмекші құралдарды және басқа материалдарды сараптамадан өткізіп ұсынуды ұйымдастыру және жоспарлау;

3) Университетте оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;

4) Факультеттерде оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;

5) Оқу үрдісінің мазмұнын талдау, педагогикалық және ғылыми кадрларды аттестациялау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

6) Сапа менеджмент жүйесін дамыту және оқу үрдісіне әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;

7) Факультеттердегі әдістемелік жұмыстарды үлестіру;

8) Кафедраларда оқыту әдістерді, технологияларды, құралдарды жетілдіру және жаңаларын енгізу жұмыстарды ұйымдастыру;

9) Педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару;

10) Білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

11) Білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестациялауға қатысу.

 Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

1) білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандаттары талаптарын ескере отырып, оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;

2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестерінің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;

3) жеке пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және қолдау;

4) кафедраларда оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;

5) университетте әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды түрде және дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру;

7) білім және өндіріс технологиялардың алдыңғы қатарлы бағыттарды болжамдау негізінде мамандарының тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;

8) оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге педагог қызметкерлеріне практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;

9) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;

10) пререквизит пен постреквезиттерді бекіту;

11) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;

12) білім алушылардың білімін бақылау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін сараптамадан өткізу және әзірлеу мәселелерін шешу;

13)  оқытушының қолдауымен өткізілетін өзіндік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;

14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, көрмелер, презентациялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

ОӘК құрылымы және қалыптасу ережелері

Оку-әдістемелік кеңесті оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор – төраға басқарады.

Оку-әдістемелік кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы хатшы сайланады.

Кеңестің жұмысы кеңестің отырысында қабылдаған және білім беру ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

ОӘК құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, факультет декандары, оқу-әдістемелік бірлестіктің жетекшісі және т.б. кіреді.

Кеңестің құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.

ОӘК жұмысын ұйымдастыру

Оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысы кеңестің отырысында қабылданған және университет ректоры бекіткен жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.

ОӘК отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен оқу-әдістемелік кеңестің ұсынысы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

ОӘК шешімдері факультеттердің  және кафедралардың әдістемелік органдарына міндетті болып келеді.

Егер кеңестің отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда оқу-әдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады.

Кеңестің төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы университеттің Ғылыми кеңесінің алдында есеп береді.

ОӘК әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті.

Мәжілістің күн тәртібіндегі қарастырылатын сұрақтар ОӘК хатшысына бір апта бұрын тапсырылады.  Хатшы ағымдағы ақпараттарды ОӘК сайтына орналастырады.

Бөлісу: