АӘИУ-дегі АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

«Академиялық ұтқырлық бағдарламасын ұйымдастыру туралы ережеге» сәйкес жүргізіледі.Ол ҚР БҒ министрінің 20 сәуір 2011ж. №152 бұйрығы, 02.06.2014 ж. №198 және 28.01.2016 жылғы №90 ҚР БҒМ өзгертілген бұйрығы бойынша «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі» негізінде құрылған. АӘИУ білім алушылардың академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орындары арасындағы шарттар/келісімдер немесе бірлескен жобалар шеңберінде жүзеге асырылады: білім алушының үш жақты келісім/шартты, ішкі академиялық ұтқырлық бойынша жіберетін және қабылдайтын ЖОО, және халықаралық ұтқырлыққа шақыру. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты үйлестіру және мониторинг жоғары оқу орындары арасында келісімдер, білім беру бағдарламаларын үйлестіру және оқу жоспарларын келісу базасын Ғылым бөлімі жүзеге асырады.

БОЛОН ҮДЕРІСІ

Жоғары білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Болон декларациясы Болон үдерісінің бастамасы болды. Бұл үдерістің алдында мынадай мақсаттар тұр: нақты анықталған және салыстырмалы дәрежелерді енгізу; студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің ұтқырлығына жағдай жасау; сапаны бақылау саласындағы еуропалық ынтымақтастықты дамыту және жоғары білім берудің еуропалық аспектілерін кеңейту.

Салыстырмалы дәрежелер жүйесін енгізу және ұтқырлықты арттыру.

БОЛОН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ АЛТЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТЫ ҚАМТИДЫ:

·         Ашықтықты арттыру мақсатында соның ішінде дипломның бірыңғай қосымшасын енгізу арқылы салыстырмалы дәрежелер жүйесін енгізу

·         Білім берудің екі кезеңді жүйесін енгізу: бірінші кезең еңбек нарығына бағытталған, оқу кем дегенде үш жылға созылады. Екінші кезең магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді

·         Студенттердің ірі көлемдегі ұтқырлығын қолдау үшін кредиттерді қайта тапсырудың еуропалық жүйесін енгізу

·         Студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің еркін ауысуы үшін ұтқырлыққа жағдай жасау

·         Сапаны қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтасу

·         Жоғары білім беруде еуропалық өлшемді күшейту: мазмұны, басшылығы немесе ұйымдары еуропалық талаптарға сәйкес келетін модульдер мен зерттеу салаларын көбейту.

 

«Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары

Бөлісу: