Мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің меңгерушісі

Майлыбаев Марат Серикбаевич

Тарих магистрі

 

 

 

 

Жалпы мәлімет

Мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі университеттің жүйелі бөлімшесі болып табылады. Мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің құрамында бөлімнің меңгерушісі,ОЖСБ бағдарламаушы және мониторинг бөлімінің маманы қызмет атқарады.

Мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі Оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады бақылайды. Түлектердің жұмысқа орналасуына қатысты дайындалатын барлық есептерді жасау жұмыстарын ұйымдастыруға жетекшілік етеді. Университеттің ректорына және ғылыми кеңеске мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша құжаттар дайындайды. Мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмыстарын жүргізуге, түлектердің жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүргізуге міндетті болып саналады.

Мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі білім сапасын анықтау мақсатында жүргізілетін мониторингтің әдістемесін жасайды. Оқытушы-профессор құрамының ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық және шығармашылық жұмыстарының біртұтас жүйесін құрайды. Оқытушыға қойылатын талаптар мен критерийлерді анықтайды. Университет басшылығына статистикалық ақпараттар мен  мәліметтерді дайындап ұсынады. Студенттер арасында әлеуметтік, оқу, тәрбие, болашақ мамандығына қатысты және т.с.с. сауалнама жүргізіп,нәтижесін талдайды. Бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтерді дайындайды. Жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен, кәсіпорын басшыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырып меморандумға тұрады. Облыстық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарнан бос жұмыс орындары туралы мәлімет алып отырады.

Басшылық тарапынан шығарылған өкімдер мен талаптарды жедел түрде орындауға атсалысады.

Бөлісу: