Факультет деканы

э.ғ.к., аға оқытушы

Ертаев Ермек Жаханшаұлы

 

 

 

Факультет кафедралары:

Ақпараттандыру және стандарттау кафедрасы

Бизнес кафедрасы

 

Жалпы мәлімет

Факультет тарихы 1995 жылдан басталады. Қазіргі таңда факультетте 2 кафедра жұмыс істейді.

Факультет деканы – э.ғ.к., аға оқытушы Ертаев Ермек Жаханшаұлы, декан орынбасарлары – аға оқытушы Иманбердиев Сабыр Абдукаримұлы, оқытушы Атакаева Амал.

Бизнес және техника факультетінде студенттерге 4 профессоры, 16 ғылым доценті, 21 ғылым кандидаты, 13 аға оқытушылар мен 18 магистр оқытушылар құрамы дәріс беруде.

Факультет оқытушы-профессорлары АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты шет елдермен байланыс жасап, тәжірибе алмасуда. Украинаның ұлттық ғылым академиясы,. Алматыдағы “Алькор” ЖШС-мен ғылыми байланыс жұмыстарын атқаруда.

Біздің түлектер Түлкібаева Диана мен Каримова Айгерім «Центрально-Азиатский фонд обучения» грантының 2007-2008 жылғы иегерлері,  Спатаев Марат 2007 жылғы студенттер арасындағы Республикалық және облыстық «Пікір сайыс» жарыстарының жеңімпазы.

Факультеттің “құқықтану” мамандығының түлектері Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков Сидней олимпиадасының алтын және күміс жүлдегерлері, грек – рим күресінен Азия ойындарының чемпионы Мехты Сапаров, бокстан Әлем кубогының иегері Қанат Орақбаев және Азия жеңімпазы Жандос Жұмабеков.

Профессор И.С.Сыздыков ҚР Білім және ғылым министрлігінің фундаментальды ғылыми бағдарламалар конкурсына қатысып 6 000 000 теңгені 3 рет  грантын «Сорос-Қазақстан» қорының 5000 АҚШ доллар грантын ұтып алды.

Доцент, э.ғ.к. К.К.Нурашева АҚШ-та өткен CARANA USAID бағдарламасына қатысып, грантқа ие болды.

2006 жылы доцент М.Қ. Ускенов, 2007 жылы доцент К.К. Нұрашева «ЖОО үздік оқытушысы» атақтарына ие болды.

 
Бөлісу: