Кітапхана меңгерушісі Әдиса Қамбарбекова 

Қазіргі заманғы жағдайда  жеке тұлғаға білім берудің басты мақсаты әлеуметтік  және дербес кәсіптік құзіреттілікке  қол жеткізу, ақпаратты тиімді пайдалана білу әрі қарқынды  өзгеріп жатқан әлемде  тиімді өмір сүру және еңбек ету болып табылады.

Аймақтық әлеуметтік -инновациялық  университетінің кітапханасы 2012 жылының  қыркүйек айынан  3 оқу корпусында оқырмандарға қызмет көрсетуде. Университет кітапха

насының басты мақсаты – білім алушылар мен оқытушыларға әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық –саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға  ықпал ету және қажетті ақпарат жүйесі мен қамтамасыз ету. Университет кітапханасы қалыптасқан кезеңнен бері  кітап қорын толықтыру мен кітапханалық- библиографиялық қызмет көрсету  жұмыстарын түбегейлі  дамытуда. Кітапхананың оқу залдарында 457 орын, 20 –орындық ғылыми оқу залы, электрондық оқу залында 37 компьютерлік орын бар. Кітапханадағы жалпы кітап қоры - 1157756 дана, қазақ тілінде –  958303 дана,оның ішінде электрондық оқулықтар саны – 312154 дана. Жалпы кітап қоры мамандықтар саласына қарай жинақталған. Университет кітапханасы қаламыздағы Облыстық техникалық кітапханамен, Облыстық ғылыми-  әмбебап кітапханамен, Облыстық жасөспірімдер кітапханасымен келісімшарт негізінде бірлесе жұмыс атқаруда. Мерзімдік басылымдар қоры әрбір мамандық саласына қарай жинақталған, олардың жалпы  саны – 20612.   

Кітапхана оқырмандарының "INTERNET" арқылы Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, кітапханаларымен жедел ақпараттар  алмасу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін, кітапхананың оқу залдарында 37 компьютер орнатылған. Оқырмандарға "INTERNET" желісі бойынша өздеріне қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндіктер жасалған.

 

                                         КІТАПХАНА ҚОРЫ – АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі бола отырып, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық құжаттармен, әрбір білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Кітапхананың ақпараттық қорлары кез келген тасымалдағыштарда толық мәтінді деректер қорын, дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтарды, білім беру мақсатында пайдаланылатын электрондық ресурстарды қамтиды. Бүгінгі таңда 507,4 мың теңгеге ИРБИС64 жүйесі сатып алынды.

Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекілік құралдар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулықтар немесе оқу пәндеріне ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, анықтамалық құралдар мен оқу пәндері бойынша басылымдар жатады.

ЖОО кітапханасының ғылыми қоры оқыту бейіндері бойынша монографияларды, энциклопедия­ларды, сөздіктерді, анықтамалықтарды, шолуларды, әдеби шығармаларды, бағдарлама бойынша оқытылатын заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, мерзімді басылымдарды, оның ішінде, білім беру ұйымдарының хабаршыларын, халықаралық конференциялардың ғылыми еңбектерінің жинақтарын қамтиды.

Бірыңғай кітапханада оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
қоры 1 157 756 бірлікті құрайды, оның ішінде 958 303 данасы, яғни  82,7%-ы мемлекеттік тілде.

Кітапхана қорында оқу және ғылыми басылымдар жаратылыстану ғылыми, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, филологиялық ғылымдар, психо­логия және педагогика, көркем әдебиет, электрондық, магниттік тасымалдау­шылар басылымдары мемлекеттік, орыс және, ағылшын тілдеріндегі мерзімді басылымдар бойынша ұсынылған.

КІТАПХАНАЛЫҚ ҚОРДЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ

Оқу әдебиеттерінің қоры 945574 дананы құрайды, олардың ішінде мемлекеттік тілдегісі – 757 650 дана. 83 028 дананы құрайтын оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының 82 011 данасы мемлекеттік тілде дайындалған. Ғылыми әдебиеттер қоры 129153 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 118642 дана.

 Әдебиет түрлері бойынша кітапхана қоры

 

 

2012-2013 оқу ж.

2013-2014оқу ж.

2014-2015оқу ж.

2015-2016 оқу ж.

бар­­-

лығы

қаз. тілін.

бар­­-

лығы

қаз. тілін.

бар­­-

лығы

қаз. тілін.

бар­­-

лығы

қаз. тілін.

Оқу.әдебиет.:

605195

463843

662665

506366

711952

551272

945574

757650

-жалпы біл.бер.

198823

152385

210639

170343

231511

190269

310158

251953

-базалық

208714

159616

241270

178515

256580

190757

335191

272550

-бейіндік

197658

151842

210756

157504

223861

170246

300225

233147

Оқу-әдіс. әдеб.:

60801

56821

69834

67821

75643

73524

83029

82011

-жалпы біл.бер.

20963

18841

22874

20752

25161

22375

27502

26658

-базалық

21297

20546

26085

25334

28045

28508

30656

30337

-бейіндік

18541

17434

20875

20268

22437

22641

24871

25016

Ғылыми. әдеб.:

84625

74432

97632

91416

109136

101401

129153

118642

-жалпы біл.бер.

28667

22806

32211

29012

35874

34054

42889

40083

-базалық

29218

26144

34564

30921

39178

34805

45051

41547

-бейіндік

26740

23482

30857

27506

34084

32542

41213

37012

Электрон. және магн. Тасымал.

212254

183864

234116

205726

259261

230871

312154

263631

Мерзім. басыл. қоры

15482

12511

17623

14652

20195

17224

21873

18902

Барлығы:

750621

592096

830131

665603

896731

726197

1157756

958303

 

Жыл сайын кітаптар мен мерзімді басылымдар сатып алуға университеттен қаржы бөлінеді.

Кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелері қажетті кітапханалық құрал-жабдықтармен және жиһазбен, компьютерлік және көшіру-көбейту техникасымен жабдықталған. Жаңа технологияларды енгізу үшін және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуде кітапхананың электронды оқу залында

37 компьютер бар. Сонымен қатар, кітапханалық жұмысты жүзеге асыру үшін
8 компьютер, 4 принтер, 1 ксерокс бөлінген.

2015-2016 оқу жылында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету келтірілген контингенттің бір студентіне 176,6 бірлікті құрады. Оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын студенттердің қамтылуы 146,2 бірлікке тең.

Сонымен қатар, университет оқытушылары, студенттері және магистрант­тары республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхананың және 2016 жылы университет пен Thomson Reuters компаниясы арасында жасалған  келісім­шартқа сай Web of Science ақпараттық ресурстарын пайдаланады.

Университеттің оқу және ғылыми үдерістерін қамтамасыз ету үшін және сапалы қорды қалыптастыруда, университеттің бейіні бойынша кітапхана жаңа басылымдармен,  оның ішінде – мемлекеттік тілде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

ЖОО барлық мамандықтары бойынша мерзімді басылымдар қоры салалық басылымдармен қамтамасыз етілген. Кітапханада мерзімді басылымдарға жазылуды жүйелі түрде рәсімдейді. Білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша жазылатын басылымдар саны 62 атауды құрайды. Ресми басылымдар санын (ҚР заңнамалық актілер жинақтары, нормативтік құқықтық актілері мен кодекстері) 98 атаулы 3785 дананы құрайды. Қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар саны – 48 атау мен  2 896 дана. Оның ішінде 46 атау мен 2 760 дана қазақ тілінде. Бейіні бойынша ғылыми мерзімді басылым­дары­ның білім беру бағдарламаларымен іске асырылатын саны – 15 атау мен 908 дана.

                                                            КЕЛІП ТҮСКЕН ЖАҢА ӘДЕБИЕТТЕР КӨРСЕТКІШІ (ДАНА)

 

Әдебиеттер түрі

2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

Барлығы

Оқу әдебиеттер

10641

23470

27075

254745

315931

Оқу-әдістемелік әдебиеттер

588

5033

3709

2806

12136

Ғылыми әдебиеттер

1312

4007

1733

2474

9526

Түскені

12541

32510

31517

261025

337593

 

                                                                         КІТАПХАНА ҚОРЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛУЫ(%)

 

Әдебиеттер түрі

2012-2013

оқу жылы

2013-2014

оқу жылы

2014-2015

оқу жылы

2015-2016

оқу жылы

Оқу әдебиеті

1,8

3,7

4,1

28,0

Оқу-әдістемелік әдебиеттер

1,0

7,6

5,3

3,9

Ғылыми әдебиеттер

1,6

4,5

1,9

10,3

Түскені:

1,8

4,2

32,0

24,3

 

Кітапханада жүйелі каталог және картотека жүргізіледі. Анықтамалық-іздеу аппараты кітапхана қорының мазмұнын қарауға ықпал етеді.

Компьютерлендіру, кітапханалық-библиографиялық үдерістер автоматтан­ды­рылған "ИРБИС" негізінде жүзеге асырылады.

Кітапхана қорына түсетін бүкіл әдебиет, кітапханалық -библиографиялық жіктеу бойынша жүйеленеді.

Оқырмандарға жедел және сапалы қызмет көрсету үшін кітапханада каталог және картотекамен тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасымен, қала­лық орталықтандырылған көпшілік кітапханасымен, облыстық жасөспірімдер кітапханасымен жасалған келісімшарттарға сәйкес осы кітапханалардың ресурстарын студенттер мен оқытушылар пайдалана алады.

Оқырмандарға 4 жерден кітап беретін кітапханалық қызмет көрсететін оқу залында 420 орындық бар, сондай-ақ 37 орындық электронды залда жүзеге асырылады. Пайдаланушыларға электрондық оқу залының электронды және магнитті тасығыштарда (компакт-дискілер, аудио және бейнекассеталар) энциклопедиялар, жол көрсеткіштер, сөздіктер, анықтамалықтар, электронды оқулықтар мен оқу құралдары, рефераттар, оқыту бағдарламалары көру қарастырылған.

Электронды каталогтар және ақпараттық деректер базасын пайдалану бойынша кеңестер өткізіледі; интернет ресурстарына қол жеткізу мәселелері бойынша. Электронды оқу залында университеттің профессор-оқытушылар құрамының электрондық оқулықтар мен басылымдар қоры қалыптастырылады.

Электронды және магнитті тасымалдағыштардағы оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры 312 154 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде – 263 631дана, жалпы қордың 27%-ын құрайды.

Университет ПОҚ басылымы электрондық тасымалдағыштарда 31257 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде – 25 348 дана, жалпы қордан 2,7%-ын құрайды.

 

Сауалнама ПОҚ-тың электрондық тасымалдағыштардағы басылымдармен қамтамасыз етілуінің қанағаттанарлық дәрежеде екендігін көрсетті.           

 
Бөлісу: