«АӘИУ  Хабаршысы» журналы  ҚР  Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2007 ж.18 қыркүйегінде тіркеліп, № 8662-Ж  куәлігі берілген.

«АӘИУ хабаршысы» журналы экономика, педагогика және психология, филология, жаратылыстану, әлеуметтік-қоғамдық  ғылымдарының салаларының өзекті мәселелерін,  қазіргі инновациялық білім, сонымен бірге ғылым саласындағы  пікірталастарды жариялайды.

Журнал 2008 жылдың қаңтар айынан бастап  шығады. ISSN 996-484-09-0.

 «АӘИУ хабаршысы» журналы жылына 2 рет  барлық саланы қамти отырып, жарық көруде.

Журналдың бас редакторы – университеттіңпрезиденті п.ғ.д.,профессор  Момбек Жамалбекұлы Қозыбақов мырза. Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан Республикасындағы, шетелдердегі барлық ұйымдардан бес  (қазақ, орыс, түрік, араб, ағылшын) тілде қабылданады.

 

   
 

 

 

 

 

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

"Хабаршы" журналы

МАҚАЛАНЫ ЖАРИЯЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс.

1.     Кестелер, схемалар, суреттер тақырыбы көрсетілуі және Windows-та терілген болуы қажет.

2.     Парақтың параметрлері: жоғарғы-1,5 см, төменгі-2см, оң-1,5см, сол-2,5см.

3.     Шрифт: Times New Roman, кегль-12.

4.     Жоларалық: 1 интервалмен.

5.     Жаңа жол: 1,0 см.

6.     Сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘОЖ (УДК) индексі қойылады.

7.     Келесі жолда-ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН  (ШРИФТПЕН).

8.     Баяндама тақырыбы астына, парақ ортасына жәй әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.

9.     Астына: жұмыс орындалған жоғары оқу орны (қою шрифтпен).

10.   Бір  интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) мәтіні.

11.   Резюме (түйін) болуы шарт.

12.   Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай нөмірмен көрсетіледі.  

13.   Түйін (резюме) болуы шарт.

 

Хабаршы журналы жылына 2 рет шығарылады. Хабаршы журналының 1-ші номеріне  желтоқсан айының 1-не дейін мақалалар қабылданады. Хабаршы журналының 2-ші номеріне  1-мамырға дейін мақалалар  қабылданады.

 

 Материалдарды Ғылым бөліміне  төмендегі электрондық поштаға жіберіңіз: Gylymmakala 2016@mail.ru.  Файлдың  аты бірінші автордың тегімен сәйкес болуы тиіс.

 

Байланыс телефондары: 8-(725) 35-94-46; Райхан Досжан-87027964762;  Молдасламова Айнур Калназаровна-87024382902;   

 

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ  539.219.3

КРИСТАЛДАРДА АТОМДАР ДИФФУЗИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ

ф.-м.ғ.к., доцент Ибрагимов О.М.,  магистрант Бибулова Д.Ә.

 Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет

 

            Өркениет дамуының қазіргі дәуірін микроэлектроника және электрондыққұрылғыларсыз елестету мүмкін емес. Қоғам өмірінің барлық салаларына электрондық құрылғылардың енуі микроэлектрониканың негіздерін құраушы жартылай өткізгішті материалдардың жаңа түрлерін іздеп табу, қолданыстағы материалдардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, жаңа құрылғыларды құрастыру технологияларын оқытуда жаңа

Түйін

Мақала тіліне  байланысты-егер қазақ тілінде болса,  онда түйін орыс және ағылшын тілдерінде, егер орыс тілінде болса, онда түйіндеме, талаптарға сәйкес , қазақ және ағылшын тілдерінде болуы керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

 

1.Сабирова Д.Р. Британская национальная политика в области образования в конце ХХ века / Д.Р. Сабирова // Технологии совершенствования подготовкипедагогических кадров: Межвузовский сборник научных трудов. – Казань: Татарское книжное издательство, 2007. - Вып. 10. 2007. С. 121-123.

2.Образование в современном мире: глобальные и региональные тенденции- М., 2005.   211 с.

3.Бермус А. Г. Проблемы и перспективы реализации компетентностного подхода в образовании//Электронный ресурс: Интернет-журнал «ЭЙДОС: 4

4.Авшенюк Н. М. Профессиональное становление молодого учителя в Великобритании: история, опыт, стандарты / Авшенюк Н. М. // Педагогика и психология профессионального образования. 2003. №2. С. 220-228.

5.Учитель как специалист высокой квалификации; построение профессии. Уроки со всего мира: Доклад ОЭСР // Вопросы образования. 2012. № 1. С. 74-92.

 

Бөлісу: