ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Университеттегі білім беру қызметін дамытудың стратегиялық мақсатыОңтүстікаймақтың әлеуметтік жағдайын, инновациялық әлеуетін көтеру мақсатында білім, ғылым және тәжірибе арасындағы өзара байланысты дамыта отырып, қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру қызметін ұсыну.

Қойылған мақсатқа жету төмендегі міндеттерді орындау нәтижесінде іске асырылады:

-  Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың көпдеңгейлі жүйесін жетілдіру және ары  

   қарай дамыту;

- Жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау және қолданыстағыларын жетілдіру, оларды халықаралық стандарттар талаптарына бейімдеу;

- Қашықтықтан білім беруді және On-Line жүйесімен оқытуды дамыту, білім алушылардың білімін  бақылау түрін және оқыту әдістерін кеңейту.

- Университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту, студенттердің әлемдік   

ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігін арттыру;

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тиімділігін арттыру;

·         Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілік деңгейін жоғарылату;

·         Оқытудың инновациялық технологияларын іске асыру негізінде оқытушылардың кәсіби қызметінің сапасын арттыру;

·         Нақты сала бойынша практикалық тәжірибесі мен жетістіктері бар кәсіби мамандар тарту арқылы кәсіби шебер-кластар жүйесін құру;

·         Кейбір басым мамандықтар бойынша шетел тілінде оқыту, оқытушылардың шетел тілдерін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейту;

·         Бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру.

АӘИУ профессорлық-оқытушылық құрамы оқу үдерісін ұйымдастыруда төмендегі міндеттерді орындауды көздейді:

Қазіргі қоғам талаптарын қанағаттандыратын модульді білім беру бағдарламаларын құрастыру және іске асыру;

Оқу үдерісін ұтқыр әрі икемді түрде жоспарлау, өздік және аудиториялық жұмыстардың үйлесімді сәйкестігін орнату; оқытуды модульдік ұйымдастыру;

Білім алушылардың өзін-өзі қалыптастыру мен өзін-өзі дамыту қабілетін, өзінің практикалық қызметіндегі дағдылары мен қажеттіліктерін шығармашылық игеру білімін ашу;

Қашықтық оқыту қағидалары негізінде студенттер білімін бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру;

Университетті дамытудың негізгі бағыттарының бірі білім беру бағдарламаларын жаңарту (модернизациялау) болып табылады. Оқу үдерісін модернизациялау оқытушылар мен студенттердің білім беру қызметін дамыту, жетілдіру дегенді білдіреді. Университеттегі білім беру бағдарламаларын модернизациялаудың неғұрлым көп тараған механизмі білім берудің көпдеңгейлі жүйесі, оқытуды модульдік ұйымдастыру, білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану, білім беру үдерісін халықаралық қамту, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту, көптілді кадрлар даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, білім беру үдерісінің ашық және объективтілігінқамту, оқытушылар мен студенттердің оқу қызметін қолдаудың технологиялық жүйесін енгізу болып табылады.

Оқу-әдістемелік жұмыс оқыту үдерісінде оқыту, білім беру және дамыту мақсаттарына жету үшін психолого-педагогикалық, дидактикалы-әдістемелік және оқу-материалдық нысандармен қамтылады және төмендегілерді іске асырады:

 - университетте әдістемелік қызметтің барлық түрін реттейтіннормативтік құжаттар жасау;

- қайта енгізілген пәндер бойынша жұмыс жоспарын құру, қолданыстағы бағдарламаларды қайта қарастыру;

- қолданыстағы зертханалық жұмыстарды модернизациялау және жаңасын қою;

- студенттердің білімін бақылау бойынша әдістемелік материалдарды дайындау;

- пәндердің оқу және оқу-әдістемелік, әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құжаттармен қамтылу карталарын құру;

 - оқу үдерісін жоспарлау бойынша құжаттар жасау;

- қорытынды сабаққа қатысу, өзара сабаққа қатысу, ашық сабақтарға қатысу;

- оқытушының оқу сабақтарын өткізуге дайындығы бойынша жұмыстардың барлық түрлері;

- пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, оқулықтарды, оқу құралдарын, дәрістер конспектісін, тестерді, зертханалық және курстық жұмыс тапсырмаларын, әдістемелік және басқа да оқу-әдістемелік құжаттардан тұратын білім беру үдерісін іске асыруға қажетті оқу-бағдарламалық құжаттамаларды жасау;

- оқытудың көрнекілік құралдарын жобалау және дайындау;

- оқу үдерісіне ғылыми-әдістемелік зерттеулер нәтижелерін, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу;

- студенттердің өздік жұмысын әдістемелік қамтуға дайындау;

      Оқу үдерісін дамыту оқу-әдістемелік жұмысты жаңаша құруды міндеттейді: әдістемелік құралдардың біртұтас жүйесін құру және үнемі жетілдіру, соның ішінде пәндердің оқу-әдістемелік кешені. Пәндердің оқу-әдістемелік кешені оқу-шығармашылық үдерісінің әдістемелік-ұйымдастырушылық қамту болып табылатындықтан, біздің университет пәндердің оқу-әдістемелік кешенін жасау, жариялау, жетілдіру мәселелеріне ерекше мән беріледі.

Жоғары оқу орындарының алға қойған міндеттерін іске асыру аясында, сапалы жоғары білім алуда тұлғаның қызығушылықтарын қанағаттандыру, жаңа ақпараттық технологиялар енгізу мақсатында қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылып келеді.

ҚОТ бойыншаақпараттық сайты жасалған, онда қашықтықтан оқыту, студенттерге арналған сабақтар және қажетті бағдарламалар туралы мәліметтер қамтылған.

         Қазіргі кезде экономикасы дамыған барлық елде құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаларды жүргізуге ауысуда. Модульдік бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан айырмашылығы бар, себебі жеке модуль аясында нақты құзыреттілік қалыптастыруда білім мен білікті игеру кешенді түрде іске асырылады. Ол еңбек нарығы талаптарына сай нақты еңбек қызметін қамтамасыз етеді. Құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламалар әрдайым жұмыс берушілердің жұмысшы білімі мен білігіне қоятын талаптарына  сәйкес жасалып, іске асырылады. Кәсіби білім беруде құзыреттілікке негізделген модульдік оқыту бағдарламаларының икемділігі маманға қойылатын талаптар өзгерген кезде нақты модульдерді ауыстыруға немесе жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл мамандар даярлау сапасын бәсекеге қабілеттілік деңгейіне көтереді.

      Университетте модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.Модулдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру туралы ереже жасалды.Оқу жұмыс жоспарын жасау бойынша жұмыс топтары құрылған, олардың құрамына жұмыс берушілер кіреді. Әрбір пән бойынша, модульдер ойынша, жалпы білім беру бағдарламаларын оқыту қорытындылары қалыптастырылған.  Модульдер қалыптастыруда білім беру бағдарламасына енгізуді жоспарлап отырған пәндердің тиімді үлесі бағаланады.

 Модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастырудан жинақталған тәжірибе алдағы уақытта университет бакалавриаты мен магистратурасы мамандықтарын жүйелеу үшін қолдануға ықпал етеді. 

Университеттегі оқу үдерісі үнемі жаңа білім беру технологияларын енгізуге, толық компьютерлеу және ақпараттандыру, оқыту мен бақылаудың жаңа техникалық құралдарын қолдануға негізделген. Оқу үдерісін қалыптастыратын оқытушылар белсенді және интербелсенді әдістерге (жобалар әдісі, мәселелеік оқыту, ойын технологиялары, серіктестік оқыту, жеке тәлім беру, қосақтап оқыту және т.б.) сүйенеді.

       Университетте оқу үдерісіне бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы да көптілді білім беру енгізіледі. Бірлескен білім беру бағдарламалары ұлттық білім беру жүйесінің нәтижесі ретінде ЖОО-лар арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді жолы болып табылады. Бірлескенбілім беру бағдарламаларының көмегімен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басқа елдердің білім беру нарығына шыға алады. Бірлескен білім беру бағдарламаларын жасаудың тағы бір салдары білім беру жүйесін дамытудағы интреграция және жаһандану үдерісін күшейту жағдайында шетелдік жоғары білім беру жүйесімен сәйкестендіру қажеттілігінің туындайында. Бұндай сәйкестендіру бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін қолайлы база тудырып отыр. Бірлескен бағдарламалардың тиімді тұстарының бірі қолданыстағы білім беру бағдарламаларын басқа ЖОО-лардың бағдарламаларындағы инновациялық элементтермен байыту болып табылады.

2016-2017оқу жылынан бастап біздің университет шетелдік серіктесуниверситеттермен бірігіп құрастырылған оқу бағдарламаларын жасады.

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті2мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын апробациялауды бастады: 5В010900-Математика (Тәжік педагогикалық институты); 5В010800 – Дене шынықтыру және спорт(Тәжік педагогикалық институты.

        Жоғары білім сапасын арттыру үшін тұтынушылардың модульді оқу бағдарламасы мазмұнына қоятын талаптары негізгі рөл атқарады. Университет әрдайым мамандар дайындаудың маңызды шарты ретінде жұмыс берушілердің ЖОО-да түлектер дайындау сапасына қанағаттану деңгейін анықтап, бағалап отырады. Осындай мақсатпен факультеттер мен кафедраларда жұмыс берушілерді шақыру арқылы дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.Сонымен қатар, кәсіби оқытуға байланысты бірқатар ұсыныстар да бар: түлектердің практикалық дағдыларын күшейту, олардың заманауи компьютерлік бағдарламаларды игеруі, шетел тілін неғұрлым жетік меңгеруіне мүмкіндік жасау және т.б.

        УниверситеттіңОқу-әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік жұмысты басқару органы болып табылады.  Кеңес отырыстарында мамандықтардың оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылуы, тәжірибелерді әдістемелік қамту және ұйымдастыру, өткізу, оқу үдерісін жетілдіру бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу, оқу жұмыс бағдарламаларын саралау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар басып шығару жоспарын бақылау, факультеттердің,кафедралардың әдістемелік семинарлары жұмысы, оқу үдерісінің материалдық-техникалық қамтылуы сияқты мәселелер қарастырылады.

                                                ПОҚ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСТЫ ТҰЛҒАСЫ

ПОҚ-тың базалық білімі, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, біліктілігі мен ғылыми дәрежесі мамандық бойынша оқытылатын пәндерге сәйкес. 2015-2016 оқу жылы штаттық оқытушылар саныПОҚ жалпы санының 94% құрады. Есептеу кезеңінде ПОҚ сандық-сапалық көрсеткіштері көтерілді. ПОҚ ғылыми сапалық көрсеткіші 2012-2013 оқу ж 56,4%-дан2015-2016 оқу жылы 58,5% -ға дейін өсті. ПОҚ сандық және сапалық көрсеткіштері 6.1 мен6.2-суреттерде ұсы­ныл­­ған.

Оқыту жүйесі және қазіргі заманғы білім беру бағдарламасы бойынша табысты және талантты оқытушы студентке тиімді білім беруде басты тұлға болып саналады.

Университеттің басты міндеттердің бірі -қазіргі заманғы білім беру және ғылымның дамуына сәйкес келетін біліктілік пен білім бойынша тәжірибелі ғылыми-педагогикалық кадрлармен ПОҚ құру.

Сандық-сапалық көрсеткіштердегі өзгерістерді талдау­данкөріп тұрғандай, 2015-2016 оқу жылында ғылым докторларының үлесі 2%-ға, ал кандидаттардың үлесіесептеу кезеңін қамтитын 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 26%төмендеді.

28.02.2013 жылғы №195ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары» ғылыми дәреже сәйкестігін сақтау мақсатының нәтижесінде,ғылыми дәреже мен атағы жоқ оқытушылар саны қысқарды, сондай-ақ,педагогикалық жүктеме көлемі ұлғайды.

Ғылым докторлары мен кандидаттардыңжас аралығы 35-тен 50-ге және 50 жастан жоғары, бұл, өз кезегінде, соңғы жылдары университеттің ПОҚ арасындағы ғылыми дәрежесі бар мамандардың азаюына әкеледі (10-қосымша). Ғылыми дәрежесі бар мамандарүлесін арттыру бойынша,университеттің Стратегиялық жоспарындамамандарды -кандидаттар мен ғылым докторларын сырттан шақыру бойынша іс-шаралар көрсетілген. Бұл мәселелер ректорат мәжілісіндеүнемі қарастырылады, инновациялық технологиялар және оқу ісі жөніндегі проректор қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Кадр бөлімімен ресімделген ПОҚ құжаттары«Platonus» автоматтандырылған бағдарламасы деректер базасында сақталады.

 

Бөлісу: