Елікбаев Бауыржан Көшкінбайұлы

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Елікбаев Бауыржан Көшкінбайұлы 1977 жылы  3 желтоқсанда  Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі – жоғары.

Орта мектепті 1994 жылы бітірді. 1995 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ‑түрік университетінің Филология факультетіне  оқуға түсіп, 1999 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы біліктілігін алған.

1999-2006 жылдары аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ‑түрік университетінің Түркітану кафедрасында оқытушы, аға оқытушы.

2006-2007 жылдары Алматы экономика және статистика академиясының Тәрбие істері жөніндегі проректоры.

2007-2012 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті.

 2011-2012 жылдары Қазақстан Халықтар достығы университетінің Ғылыми жұмыстар және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры. 

2013-2016 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті Әлеуметтік-педагогикалық институтының директоры.

2016 жылдан Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Оқу-әдістемелік және қашықтықтан оқыту істері бойынша проректоры болып қызмет атқарады.

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Сайрамбаевтың жетекшілігімен «Есімді құрмалас сөйлемдер, олардың түрлері, қалыптасуы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

 2010 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  «Қазіргі қазақ тіліндегі есімдер синтаксисі» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Ғалымның ғылыми қызығушылығы – қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, семантикалық синтаксис, прагмалингвистика мәселелері.

Бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық ғылыми-көпшілік, оқу-әдістемелік мақала,  3 импакт-факторлы мақаланың, 3 оқу құралы, 1 әдістемелік құрал, 1 электронды оқу құралы, 20 шақты әдістемелік нұсқаудың авторы. 17 магистрантты қорғатып, 3 докторантқа жетекшілік жасайды.

 
Бөлісу: