Мамаев Қайрат Серікбайұлы

Филология ғылымдарының кандидаты

Мамаев Қайрат Серікбайұлы 05.05.1967 жылы Шымкент облысы (қазіргі ОҚО), Ленин ауданы (қазіргі Қазығұрт), Қызылдала ауылында туған. Білімі жоғары.   

1974-1982 жылдары Қызылдала сегізжылдық мектебінде, 1982-1984 жылдары Ленин ауданы Фогелево (қазіргі Рабат) ауылында орта мектебінде білім алған.

1984 жылы Шымкент педагогика институтына Физика-математика факультеті-не Математика-физика мамандығы бойынша 1-курсқа оқуға қабылданған.

1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында қызмет еткен, әскери шені - запастағы сержант.

1987-1991 жылдары Шымкент педагогика институтында оқуын жалғастырып,  “Математика, информатика” мамандығы бойынша үздік бітірген.

1991-1992 жж. Шымкент педагогика институты «Алгебра, информатика және есептеуіш техника» кафедрасының бағдарламалаушысы, лаборатория меңгерушісі, оқытушысы, 1994-1997 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Жаратылыстану-гуманитарлық институтының 10.02.21-құрылымдық, қолданбалы және математикалық лингвистика мамандығы бойынша профессор Қ.Б.Бектаевтың жетекшілігінде күндізгі бөлім аспиранты, 1997-1998 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімі «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының оқытушысы, 1998 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты “Бағдарламалау және есептеу техникасы” кафедрасының аға оқытушысы, 2002-2003 жылдары Есептеу орталығының меңгерушісі, 2004-2007 жылдары сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, 2007-2008 жылдары магистратура бөлімінің меңгерушісі, 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық университетте Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Инновациялық технологияларды ендіру жән ақпараттық-сараптама орталығының бастығы қызметінде болған.

2006, 2007 жылдары ХҚТУ ШИ-інің, 2009-2011 жылдары АИУ-дың, 2012 жылы ОҚМПИ-дің қабылдау комиссияларының жауапты хатшысы қызметін қоса атқарған. 

2009 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Д14.09.04 диссертациялық кеңесінде 10.02.02 - Қазақ тілі мамандығы бойынша “Лексикалық бірліктерді лингвостатисти-калық талдау (бастауыш сыныптың “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы бойынша)” атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын п.ғ.д., профессор Г.Ғ.Еркебаеваның жетекшілігінде қорғаған.

Қ.Мамаевтың  26 – ғылыми және 15 – оқу-әдістемелік мақаласы, 6 – оқу құралы, 6 – оқу-әдістемелік құралы, және 1 – электрондық құралы, барлығы 54 еңбегі жарық көрген.

ҚР БҒ министрінің "Құрмет грамотасымен" марапатталған (04.10.2012 жыл).

Сапа менеджменті жүйесі бойынша Түркия республикасы Стандарт институтының, "Сапаконсалтинггрупп-НС" сертификаттарының иегері.

Жанұялы. 1 қыз бен 2 ұлдың әкесі. 

Бөлісу: